Қазақ халқы қонақжай халық. Қонақты қуанып қарсы алу, жақсылап күту ата салтымыз. Қонақ келсе төрімізден орын береміз. Ақ дастархан жайып, алдарына сыбағалы асын қоямыз. Әрбір мерекеде біз қонақ күтеміз. Қонақ күту біз зор қуаныш. Біз қонақ күтеміз, оларда біз үйлеріне барғанда бізді барынша сыйлайды. Жақында жаңа жыл келеді, біз қонақ күтеміз. Біз қонақ күтеміз, келіңіздер, құрметті қонағымыз болыңыздар.
Достық туралы шығарма
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Адам баласынан досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.
Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
"Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,
Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып",- дейді.
Қарап отырсақ, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі.
Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.
Бұнда да де та те және дегендер бар
Уйде теледидар бар.Китапханадан китап алдым.Гулди дукеннен алдым.Ойыншыкты кораптан алдым.
Дос адал болу керек. Оның бос уақыты жоқ. Әсел өте мейірімді қыз. Біздің мұғалім қарапайым адам. Спортпен айналысқалы бері сымбатты болыпты. Қазылар алқасы әділ шешім айтты. Демалысты жақсы өткізу керек. Кітап оқу пайдалы іс. Сурет салу-өнер.
Терешкова Валентина владимирқызы 1937жылы 6наурызда Ярослав облысында туған.1945 жылы нөмірі 32 орта мектепке оқуға түсті.Бос уақытында домбыра тартуды үйренді.1953 жылы жетінші сыныпты бітірді.1954 жылы зауытқа жұмыс істеуге барады.