Көк көйлекті жеңеше
келбең келбең етеді
желмен ұшып кетеді
жер түбіне жетеді.
/түтін/
Қазақ балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған саласы. Оның қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады (қ. Қ<em>азақ балалар фольклоры</em><span>). Қ. б. ә-нің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғ-да Ы.Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этик., эстет. тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық (“Киргизская хрестоматия”, 1879) бастырып шығарды. Сөйтіп, бала тіліне лайықты, ойына қонымды ойнақы өлеңдері мен қызықты әңгімелері арқылы педагог-жазушы Қ. б. ә-нің негізін қалады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Ғы-лым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр”, “Әсемпаз болма әрнеге” деген өлеңдерінде қазақ балаларын оқуға, өнерге үндеді. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары 20 ғ-дың басында көбейе бастады. 1912 ж. орыс ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударып, оған өзінің төл шығармаларын қосып, “Үлгілі тәржіма” атты кітап және “Үлгілі бала” оқулығын шығарған педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де Қ. б. ә-н дамытуға сіңірген еңбегі мол. Қ. б. ә-нің Қазан төңкерісіне дейінгі белгілі үлгілері қатарында М.Кәшімовтің “Әдеп” (1907), “Ақыл” (1908) атты жинақтарын, М.Нұрбаевтың “Көргенді бала – үлгілі ана” (1908), Ғ.Мәжитовтың “Қазақ шәкірттеріне ақыл” (1910), М.Дибердиевтің “Қазақ балаларына қирағат кітабы” (1910) кітаптарын, сондай-ақ, Т.Жомартбаевтың “Балаларға жеміс” (1912) атты өлеңдер жинағын атауға болады. Ақын С.Торайғыров балаларға арнап өз кезіндегі өзекті мәселелерді өрнектеген өлеңдер жазды (“Шәкірт ойы”, “Оқып жүрген жастарға”, “Бір балуанға”, т.б.).</span>
Справочник руководителя дошкольной организации Справочник музыкального руководителя Методист организации образования Бухучет и налоги Организация контроля Управление Инклюзивное образование Все 198 тем Главная страница » Статьи » Журналдар » Туған күніңмен, Астана! Туған күніңмен, Астана! 26 мая 2017 294 Сохранить себе: Полезно Темы: Музыкалық жетекшінің анықтамалығы Статьи по теме Дәстүрлі қазақ музыка мәдениеті сабағы: балаларды күй әлемімен таныстырамыз 1 Музыка сабағындағы зерттеу қызметінің құндылығы неде? 6 Дәстүрлі қазақ музыка мәдениеті сабағы: балаларға айтыс пен тартыс жөнінде айтып береміз 4 Дәстүрлі қазақ мәдениеті сабағы: балаларға жырау шығармашылығы жөнінде әңгімелейміз 4 Балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйрету 8 Астана күніне арналған ертеңгілік сценарийі Отбасылық кафе Біз – батыл үндістерміз! Мақсаты: балаларды музыкалық, би, өлең оқу нөмірлерін мәнерлеп орындауға машықтандыру; шығармашылық қабілеттерді, қатынас дағдыларын дамыту; эстетикалық талғамды тәрбиелеу, музыкаға, халықтың салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Балалар, секеңдеп залға кіреді, оң қолдарына ту ұстаған. Жүргізуші. Қымбатты балалар, қонақтар! Әр адамның туған күні болады. Біздің астанамыздың туған күні бар, ол – 6 шілдеде. Сен деген туған елдің жүрегісің, Өзінен бастау алар өрелі ісім. Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен, Бәрінен бірегейі, бөлегісің. Сырнайлар ойнайды, ҚР әнұраны орындалады. Балалар домбыраның сүйемелдеуімен өз орындарына барады. Балалар өлең оқиды. Астанам – асқарымдай көрінесің, Өлең боп көкірегімнен өрілесің, Бойыма рух беріп тұрғаннан соң, Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім. Домалап қазағымның өрге тасы, Думанмен дүрілдесін аспан асты. Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп, Асқақтай бер, елімнің Астанасы! Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай, Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай. Астана – Азияның жас қаласы, Ажарын көрген адам қызығардай
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки.