-Салеметсизбе.Кешириниз МЫНА ОРЫН БОС ПА?Сизбен бирге отыруга бола ма?
-Иа.Арине отырыныз.
-Сизге улттык тагамдар унай ма?
-О, арине биздин улттык тагамдар оте дамди гой.Наурыз коже дегендей.
-Мен оларды суйип жеймин.Ал сиз куырдакты унатасыз ба?Менин жаным жаксы кореди куырдакты.
-Шынымды айтсам куырдакты онша уната коймаймын.Бирак озинше дами бар десе болады.
-Не ишкиниз келеди?Не калайсыз?
-Кымыз шубат бар ма?
-Иа казир акелип берем, сал шыдысаныз.
Мен мұғаліммін аспазмын
сен мұғалімсің аспазсың
сіз мұғалімсіз аспазсыз
ол мұғалім аспаз
біз мұғалімміз аспазбыз
сендер мұғалімсіңдер аспазсыңдар
сіздер мұғалімсіздер аспазсыздар
<span>олар мұғалімдер аспаздар</span>
Алғыр,ұғымтал,зейінді дегеніміз барлық нәрсені тез әрі алғыр орындайтын ұғымтал дегеніміз барлығын ұғып орындайтын адам.
Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен
беріп тұрып айтты:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.