Менің сүйікті әншім. Әр адамның өз талғамына сай сүйсініп тыңдайтын әншісі болады. Әр әншінің өлең айтуда өз мәнері болады, бір әннің өзін әр түрлі әншілер әр қилы айтады. Менің сүйікті әншім - Димаш Құдайберген. Өз таланты мен еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады.
-Сәлем Айша!
-Салеметсің бе Ануар!
-Сен ақпараттық технология жайында не білесің?
-Ақпараттық технология дегеніміз қазіргі кездегі технология ғой!Оған мына сен ұстап отырған смартфон,компьютер,теледидар және тағы басқалары жатады.
-Ал не үшін оларды ақпараттық технология деп атайды?
-Себебі олар жер жұзіне ақпарат таратып,жаңалық жариялайды.
-Сенің ойыңша олар пайдалы ма?
-Әрине пайдасы зор.Бірақ зияны да бар.Ақпараттық құрылғыларды өз уақытымен қолдану қажет.
-Құрылғылардың қызметі тек жаңалық па?
-Жоқ әрине.Олар жаңалықтарды ғана емес түрлі қызықты мағлұматтар мен ойындар,түрлі әлеуметтік желілерге толы.
-Саған рахмет.
-Оқасы жоқ саған әрдайым көмек көрсетемін.
-Сау бол!
-Кедескенше!
Көңілімді шаттыққа бөлеп, жүрегіме ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін қатты қуанамын. Жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне саяхат жасайтындай.<span>Қонақ үйге шырша құрып, оны безендіру үшін өз қолымызбен ойыншықтар жасаймыз. Арасында ақ қағазға салынған қазақы ою да бар. Ал ең маңызды сәт – сыйлық беру рәсімі. Осы кезде іштей сыйлағанымды ұнатса екен, маған не береді деген сынды ойлардың жетегінде қаламыз.
</span>
Көктем көптеген халықтар үшін жыл басы. Көктемде жер көгеріп, ағаштар бүршік жарып, айнала әсемденеді. Оны суретші өз суретінде- көктем келбетін, табиғат құдіретін айнытпай көрсетеді. Құдірет емей немене, шыңын аппақ қар басқан тау, ал етегінде жапырағы жайқалған ағаштар, айнала көк майса шөп.
Ал жаз мезгілі өз ерекшеліктерімен жанды жадыратады. Көкжиек, көгілдір аспан, кең дала, жайқалған, қып-қызыл гүлді дала-жазғытұрым.
Қыста қыстауда қыспақта тұрған жан-жануар , құлыншақтар жазда
жайлауға, табиғатқа шығып, еркін шауып, адам баласы сияқты қуанышқа бөленуде.
Аққу әсемдік символы дерсің. Неткен сұлу құс. Айдын көлге айрықша сұлулық беріп, жүзіп жүр.
Мен қызығамын айырбастаймын
Сен қызығасың айырбастайсың
Сіз қызығасыз айырбастайсыз
Ол қызығады айырбастайды
Біз қызығамыз айырбастаймыз
Сендер қызығасыңдар айырбастайсыңдар
Сіздер қызығасыздар айырбастайсыздар
Олар қызығады айырбастайды