Жалан сойлес жауын сiркiредi каз канквлдады
Ақындық,тыңда,бөлену,ықылас,шешен,тыңдарман.
1)Мұғалімді тыңда!
2)Ақындық қабілеті бар адамның- ойы күшті.
«Президент – ел тірегі» атты шығарма
Қай портқа бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды. (Сенека)
«Қазіргі заман – өзіне сенетін арманы мен осы арманды іске асыруға ерік - жігері бар дарынды, қажырлы адамдардың уақыты»- деген Елбасымыздың данышпан сөзі ойыма оралып отыр. Елімнің болашағы айқын: өркениеті дамыған елдермен терезесі тең өмір сүру. Ал уақыт талап етіп келе жатқан дарындылық пен қажырлылық тек білім мен еңбек арқылы іске аспақ. Кез келген қазақстандықтың осы орайда өз елінің тарихы мен мемлекет тынысын біліп, зерделеп отыруы шарт деп білемін. Ендеше тамаша зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың өз кезінде «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деуі біз үшін аса кемеңгерліктің белгісіндей. Ұлт тарихын меңгере отырып, сан ғасырлар бойғы ел үшін, жер үшін жанын пида еткен ата - бабаларымыздың қанымен келген бүгінгі бейбіт заманымыздың төл перзенті екенімді әр кез мақтан тұтып, аса қадірлеймін. Мемлекетімізде тыныштықтың орнап, еліміздің жаһандану кезеңінде алға бағыт алуын, өркениетке бет түзеу секілді қадамдардың жасалуы – бәрі - бәрі басшы іскерлігі деп танимын. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына оның елге деген махаббаты халқының қолдауы үшін өте қажет - ақ. Шеберлігінің кілті – отансүйгіштік рухының мықтылығында болар. Ал туған Қазақстанымыздың басшысы – тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Шебер қаламгер болсам, қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылар тұңғыш президент және Қазақстан жайында көп ой толғар едім.
Қазақ тарихы әріден басталады. Ал тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресі, әрине, 1991 жылдан басталмақ.
1991 жыл – еліміздің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының негізімен орнаған ұлттық - тарихи мәні жоғары тәуелсіздікке қол жеткізген жылы. Осы жылы дүниеге келген «Қазақстан» атты жас мемлекетті басқару ісі Н. Ә. Назарбаевқа жүктелген болатын. Шығыс ойшылы Фирдоусидің: «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла. Игі мақсатқа тура жүрген жетеді»,- деген даналық сөзін ұстанған басшы ел билеу тізгінін қолына алды. Әрбір қазақстандық азамат өз еліне басшы етіп сайлаған көсемінің өмір жолының қарапайымдылығын, я төре, я бай, я үстем тап өкілі емес, халық арасынан шыққан білімді де саналы тұлға екенін білуі керек. 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келген жас сәби ақ жаулықты әжесі Мырзабаланың атауымен «Нұрсұлтан» атанғанды. Ата - ананың тамаша тәлімін алған жас Нұрсұлтан мектепті үздік аяқтап, техникалық бағытта білімін жетілдіреді: техникалық училище, жоғары техникалық оқу орындарында білім алады. Байқап қарасам, еңбек жолы да қарапайым: 1960 жылдан Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды, кейін партия жұмысына араласады. Партия жұмысына араласу мемлекеттік маңызды істердің бас - қасында жүру деп санаймын. Сол өзі еңбек жолын бастаған комбинатта партия комитетінің қызметтерінен бастап, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы болуына жейінгі ұзақ жол, менің ойымша, болашақ ел басшысын мемлекеттік қызмет саласындағы ірі қызметтерге бастама болып, әбден шыңдаған болуға тиіс. Өйткені жас әлемдік өркениет, жаһандану секілді құбылыстардан мүлде бейхабар Қазақстанды аз ғана уақыттың ішінде биіктерден көрсету тек басшының біліктілігі мен шеберлігіне ғана байланысты болмақ.
Құс: аққұтан, бозторғай.
аң : тасбақа, сарышаян .
өсімдік : қарағай .
жер : Ақтау, Талдықорған, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда.
<span>Аққу Аққу- өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген. Аққулар аңыздар мен ертегілерде жырланады. Әдемі құс аққудың өлер алдында «айтатын әні» жайлы ертеден келе жатқан аңыз бар. Аққу, әрине, ондай ән айтпайды. Ол жалпы әнші құстардың қатарына жатпайды да: сыбырлауық аққу жайлап қана сыңқылдайды, ал сұңқылдақ аққудың үні зор әрі әсем болады. Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады, олардың қанатының сыңғыры мен әсем үнін аспанда жұп-жұбымен кербез ұшып өткен сол бір сәтінде тындаған тамаша-ақ. Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойнын соза тастап, қанатын бояу сермеп ұшып бара жатуы – естен кетпез ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру – одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы – артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп, қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі – бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Олар – ерекше сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді. Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағынды Австралиядан келген қарақумен тату-тәтті тұрады. Аққулар – табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. р </span>