Қазақ тілі бұл ең басты сабақтардың бірі.Біз қазақ тілі сабағында ойнамай,апайды тыңдап өз тілімізді қадірлеп оқуымыз керек.Ертең өз туған тіліңді білмеген өте ұят болады.Әнеу,Абай,Ыбырай аталарымыз бізге қаншама асыл мұра қалдырды біз соны бұлжытпай оқуымыз керек.
1.)Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.
2
Ответ:
Спорт – бұл өмір», – деп санайды салауатты өмір салтын ұстанатындар. «Спорт – бұл тренд», – дейді дизайнерлер және деп қана қоймай, сол салауатты өмір салтын қуатындарға сәнді шортылар, кроссовкалар мен толстовкалар шығарады. Мұндай сән тек фитнес-клубта ғана өтімді деп санайсыз ба? Қателесесіз! Спорттық үлгідегі киімдерді кештерге де, серуендеуге де, тіпті жұмысқа да киіп барып, сәнді көрінуге болады.
Лондондағы Олимпиада ойындарының нағыз қызған кезінде көптеген дизайнерлер спорттық үлгідегі киімдерді шығаруға шабыттары ашылған екен. Солардың жеңіл қолымен гардеробымызда бомбер, рюкзактар мен бұлықты шалбарлар пайда болды. Модельерлер спорттық үлгідегі киімдерді барынша сәнді етуге тырысып арулардың бар талғамына жағуға тырысқан: кроссовка болса – танкеткалы, козырек болса – онда бүгінде танымал пластиктен жасалған.
Анашым! Сізге деген сағынышым күннен-күнге ұлғая түсуде... Сіздің маған берген тәрбиеңіз бен үлгі-өнегеңіздің арқасында мен жақсы азаматша болып өсіп келемін. Сіздермен өткізген әрбір минут, әрбір секунд мен үшін аса қымбат. Сол сәттерді қазір ерекше сағынатын болыппын. Асыл анам... мен Алматыға алға қойған асқақ армандарыма жету үшін келдім. Сіздің үмітіңізді ақтап, өзімнің таңдаған мамандығым бойынша көп жетістіктерге жетемін деп өз-өзіме серт еттім. Сіз маған әрдайым тіреу болдыңыз. Қиындықтарға төтеп беруге, жақсылыққа ұмтылуға, жамандықтан аулақ болуға үйреттіңіз. Жеңіске жетсем сол жеңіске қандай қиындықпен жеткенімді , қандай қиын сәттерді бастан өткергенімді еске салып отырдыңыз. Осы үшін мен сізге қанша алғыс айтсамда артық болмас сірә. Анашым... Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзейтінмін. Сізге қызыға да таңырқай қарайтынмын. Сіздің шыдамдылығыңызға, ержүректігіңізге таңғалмау мүмкін емес секілді. Ардақты анам... Сіз маған өмірде барға қанағат етуді үйреттіңіз. Өзіңіздің қандай қиындықтарды көргеніңізді айтып отырдыңыз, сол арқылы мен осы күніме шүкіршілік етуді үйрендім. Сіз менің қателіктерімді кешіре білдіңіз, еркелігімді көтере білдіңіз. Аяулы анам, менің сізден аларым әлі көп. Мен өмір теңізіндегі осы бір жолға аттанарда маған айтқан әрбір сөзіңіз, үмітпен қараған көздеріңіз мені алға жетелеп келе жатқандай. Мен сізбен бір күн сөйлеспей қалсам, сәби жүрегім сізді сағынып тұрады. Аяулы анам... Мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлға сізсіз. Жаратқанымның қолдауымен сіздің балаларыңызға деген махаббатқа толы жүрегіңіз, мөлдіреген көзіңіз жыламаса екен деп тілеймін... Анашым... Мен ешқашан жаман жолға түспеймін, себебі мен сіздей алтын ананың бөбегімін.
фоту скинь как мы напишим ответ