Ұры--қолының жымысқысы бар
өсекші--аузы жеңіл
қырт--сөзуар
саңырау--құлағының мүкісі бар
соқыр--көру қабілеті нашар
ақсақ--аяғын сілтіп басады
мылқау--тілі жоқ
топас--ой өрісі нашар
жынды--ақыл есі кем.
Шашу қуаныш білдіретін ырым .Бұл өте әдемі салтанатты дәстүр.Шашуды тойларда, шашады .Шашуды әжелер, жасы үлкен әйелдер шашадыТабаққа кәмпіттер салады, оларды адамдарға шашады..Шашу шашқанда жақсылық тілегенін білдіреді.Тойдағы үлкендер мен балалар шашуды теріп алады.
Көшпенділер мәдениеті
Көшпенділер дегенде көбіне өз ата бабаларымыз есімізге келеді. Қазақтар бағзы заманнан қазіргі уақытқа дейін мал бағып малдың қамымен көшіп қонып жүре берген. Тек қана соңғы жүз жылдың ішінде индустрияландыру заманында және кешегі Сталиннің ұжымдастыруының есебінен орнықты өмір салтына көшіп кетті.
Көшпенді халықтар көбіне жылына кем дегенде екі рет көшіп отыратын болған. Жазда жайлауда кең жерлерде өмір сүрсе, қыста суықтан сақтану үшін тау бөктерлерінде пана жерлерді таңдайтын болған.
Көшпенді халықтар көбіне уақытын ат үстінде өткізген. Сонымен қатар олар үнемі мал үшін ыңғайлы жерлер іздеумен болған. Соның бір мысалы ретінде Асан қайғыны айтуға болады. Ал жақсы жерлер үшін талас та әрқашан қиын болған. Сондықтан олар көп соғысып жүрген.