Стана Катич, сериалда сіз өте керемет ойнайсыз. Сіздің стиліңіз мен фильмдегі кейіпкеріңіз қатты ұнайды. Сіз батыл, сұлу да көрікті жансыз. Келешекте сізді көптеген басқа да сериалдарда көремін деп үміттенемін
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
, Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
-Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.
10 Упражнение: 117 стр. 3
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.
Шалғайын шалқар маушыған
Бұлт келді, көктем кір кетті.
Топырлап ұрған тамшыдан,
Топырақ иісі бұрқ етті.
Шілде мен тамыз пышаны
Шаң ғана болса,
Қалдырма
Терезелер құшағын
Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Жіктеу есімдігі-Ол сабақты жақсы оқиды
Сілтеу есімдігі-Мына жерде жарық жанып тұр.
Сұрау есімдігі-Сен сабақты нешемен оқисың?
Өздік есімдігі-Ол өз баласына шаң жуытпайды.
Жалпылау есімдігі-Оқушылар сабаққа түгел келді
Болымсыздық есімдігі-Бүгін ешбір оқушы сабақ айтқан жоқ
Белгісіздік есімдігі-Ата-анамызды әрқашан құрметтейік