10. D Тұсау кесу тойы
11. A кəде беріледі
12.C сəби қадам шашу
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.
Ілік септік,--достың,татулықтың, баланың,үйдің,достықтың,дәстүрдің мінездің.
жатыс септік--доста,татулықта,балада,үйде.достықта,дәстүрде,мінезде,
- Сен қандай ежелгі қаланы білесің?
- Ежелгі қалалардың бірі- Отырар.
- Ол қандай қала болған?
- Ол 6-8 ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасыф болған.
-Отырар алғашқы кезде қалай аталған?
- Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталған.
-Отырда не болған?
- Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.
- Отырар қандай отралық болған?
- Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған.
Ия, көптен күткен көктем мезгіліде келіп жетті. Жан - жағыма жалт - жұлт қарап, анау тұстан ағаштын үстінде салбырап тұрған достым Берікті көрдім, карағаным сол еді күмп етіп жерге домалай түсті, жаңарымда күлкі пайда болды, Берік маған айқайлап кеттік тауға барайық, қызғалдақтар гүлдеді деп естідім деп мені көндірді. Екеуіміз, көшедегі ыржың - ыржың еткен Серікті, жан досым Аселді ертіп, 4-еуміз тауға қарай жол тарттық. Барғанымыз сол еді күн күркүреп, найзағайдың гүрс еткен даусын естідік, Берік қайттық ауылға, қызғалтақта теріп үлгере алмадық, ауырып қалармыз деп бәрімізді көндірді. Жол бойында келе жаттық, жаңбыр құя кетті, найзағай басымыздан ұрғандай тарс тарс етті, қорқып ауылға қарай жүгіріп едік, жер балшықтанып, аяғымыз былш былш етіп әрен жеттік, бәріміз үй - үйлерімізге тарадық, үйге жүгіріп кіріп, терезеге үніле кеттім.. Жаңбырдын дауысы шелекке жиналып тырс тырс етіп естілуде.. сол күн ерекше болды