Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. <span>
</span>
Қылышын сүйретіп қыс келер.
Қыстағы қар жер ырысы.
Қардың басын қар алар.
Қыс та қысырайды.
1. Қазақтың халық аспабы - домбыра.
2. Бұл - ежедгі екі ішекті аспап.
3. Домбырада күй шерткен.
4. Біздің мектепте домбыра үйірмесі бар.
5. Мен жақсы домбырашы болуды армандаймын.
Атасы немересінен:
-Балам,сен қандай сусынды ұнатасын?
-Мен қымызды ұнатамын ата-ау!
-Жақсы болды! Ал кы-
мыздан басқа қандай сусындарды ұнатасын?
-Шұбат.