Барып кел-күрделі етістік
Бұл өмірде адам ең басты көп жақсылық жасау керек.Адам бұл өмірге адам болып келгеннен кейін,адамдарға көмектесуі керек.Әсіресе,қарт адамдарға.Егер жақсылықты көп жасасаң,сол жақсылықты сол адам қайтарады.Қиын кездерде қол созсаң,саған да қиын кезде көмектеседі.Адамға зұлымдық жасауға болмайды,егер аяғыңды шалыс бассаң,сосын құтыла алмайсың.
Тбасы салт-дәстүрлері
отбасы! бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр. әсіресе отбасы қылықтары, отбасы дәстүрлері, отбасы ережелері. солардың ішінде ең көп қарастырылатын отбасы дәстүрлері. отбасыда алғаш рет бала туған жағдайда бала үшін ырым жасайды. одан кейін оны қырық күннен шығарады. бала бір жасқа толған кезде ақырындап жүре бастайды. сол кезенде баланың тұсауын кестірткізеді. баланың тұсауын желаяқ, ақылды адам кестіреді. себебі кескен адамға бала да ұқсап кетеді деген үміт бар. содан соң баланы бесікке жатқыздырады. бұл салтты бесікке жатқыздыру деп атайды. баланы бесікке жатқыздырғанда арнайы бесік жырын айтады. балаға алты жас тола бастағанда оның тілін ашады. бұл дәстүрді тілашар дейді. одан кейін ьала өсіп азамат болған кезде оны үйінен алыс жақтарға қонақтауға шақырады. осы жағдайда баланың үйінен алысқа ұзақтауын қоштасу дейді. ержігіт он сегіз-жиырма келген кезде өзіне болашақ жарын таңдайды. сол кезде қыз ұзату, келін түсіру, құда түсу, беташар салттары алдынғы жоспарға қойылады.
жалпы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні отбасындағы салт-дәстүрлер мәселесі күрделі кезең
<span> Сән әлемінде өткен ХХ ғасырдағы киім кию үлгісін өзіндік эстетикалық, ұлттық және философиялық ерекшеліктеріне қарап, бірнеше онжылдықтарға бөлу дәстүрі қалыптасқан: 40 жылдары – әскери киім үлгілерінің жаппай белең алуы; 50 жылдары – париждік шиктің гүлдену дәуірі; 60 жылдары<span> </span>– ағылшындық эксцентрика десек, 70 жылдары – хиппизм; 80 жылдары – итальяндық тенденциялар басым болса, 90 жылдары – жапондық дамыған жоғары технология заманы. Сол кезеңдегі<span> </span>киім кию үлгісі сән әлемінде өзіндік стильдер туғызды. Олар мыналар: «ретро», «гранж», «хаус», «байкерлер» мен «рокерлердің» стилінің әсерінен туған «панк» стильдері. «Классикалық үлгідегі» сәнқойларды сән тілінде «фрик» деп атайды, ағылшын тілінен аударғанда «ұсқынсыз» деген мағына білдіреді. Шын мәнісінде, нағыз фрик, панк пен хаустағылар стиліндегідей, өзгеден бөлек киімімен жұртшылық көзіне бірден түсуді өзіне басты мақсат етпейді, мұндағы бар бәле костюмнің ерекше көрінісінде. Костюмнің ұқыпты, ыңғайлы әрі өзгеше болуына ерекше мән беріліп,<span> </span>әсем көрінісімен хаустық стильді сүйетіндерді басып озады. </span>
Сары шымшықты ауылдан да, қаладан да кездестіруге болады. Қыс күндері ол терезенің алдына келіп алып: «Далада сақылдаған сары аяз, талғажау етер ештеңе жоқ. Құсқа жем шашар жәшік жасап ілуің керек еді, достым» - деп, өтініш айтқандай болады. Мұның есесіне жаздыгүні ол оңайлықпен көзге түсе қоймайды. Жақ жүндері аппақ осы бір тинемдей құс жаздың ұзақ күндері бір тыным таппайды, шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі-қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
Күн суытқан кездері оларға күнбағыс,кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Қабығы қатты дәндерді балғамен қатты жаншып берген абзал, әйтпесе, оның дәнін өздігінен шоқып жей алмайды. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды, тұздалғанын жесе, өліп қалуы да мүмкін.
Сарышымшықтың түрлері өте көп, олардың кейбіреулері өзі мекен еткен өңірдің атымен аталып кеткен. Оған қоса, көгілдір сары шымшық, үлкен сары шымшық, шөжеторғай сияқты түрлері де бар. Шөжеторғай түсі бозамық тартқан кішкентай мамық допқа ұқсас болып келеді. Негізінен, орманда тіршілік етеді. Шиқ-шиқ етіп, бұтақтан-бұтаққа қонып, құрт-қоңыздарды, көбелек жұмыртқаларын теріп жейді. Көбінесе, тоқылдақпен бірге жүргенді ұнатады. Тоқылдақтың жанында болса, «көңілі де шат», қарны да тоқ. Тоқылдақ бүкіл орманды басына көтеріп, ағашты тұмсығымен тоқылдатқанда, ағаштың қабығы мен үгінділері жан-жаққа борап ұшып жатады. Тоқылдақ қабық жегіш құрттардың барлығын жеп үлгермейді де, одан қалғандары шөжеторғайға бұйырады.