Сары шымшықты ауылдан да, қаладан да кездестіруге болады. Қыс күндері ол терезенің алдына келіп алып: «Далада сақылдаған сары аяз, талғажау етер ештеңе жоқ. Құсқа жем шашар жәшік жасап ілуің керек еді, достым» - деп, өтініш айтқандай болады. Мұның есесіне жаздыгүні ол оңайлықпен көзге түсе қоймайды. Жақ жүндері аппақ осы бір тинемдей құс жаздың ұзақ күндері бір тыным таппайды, шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі-қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
Күн суытқан кездері оларға күнбағыс,кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Қабығы қатты дәндерді балғамен қатты жаншып берген абзал, әйтпесе, оның дәнін өздігінен шоқып жей алмайды. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды, тұздалғанын жесе, өліп қалуы да мүмкін.
Сарышымшықтың түрлері өте көп, олардың кейбіреулері өзі мекен еткен өңірдің атымен аталып кеткен. Оған қоса, көгілдір сары шымшық, үлкен сары шымшық, шөжеторғай сияқты түрлері де бар. Шөжеторғай түсі бозамық тартқан кішкентай мамық допқа ұқсас болып келеді. Негізінен, орманда тіршілік етеді. Шиқ-шиқ етіп, бұтақтан-бұтаққа қонып, құрт-қоңыздарды, көбелек жұмыртқаларын теріп жейді. Көбінесе, тоқылдақпен бірге жүргенді ұнатады. Тоқылдақтың жанында болса, «көңілі де шат», қарны да тоқ. Тоқылдақ бүкіл орманды басына көтеріп, ағашты тұмсығымен тоқылдатқанда, ағаштың қабығы мен үгінділері жан-жаққа борап ұшып жатады. Тоқылдақ қабық жегіш құрттардың барлығын жеп үлгермейді де, одан қалғандары шөжеторғайға бұйырады.
Знаете ли вы что в одном из самых крупных библиотек есть одна где сохранилось 5000000 книг. Джей Уокер любитель собирал книги помалу в своем доме и его дом считается одним из великих библиотек мира. Нельзя сказать что такие библиотеки встречаются редко. В числе них есть библиотека Джея Уокера в Риджфиле, в истории человечества она является библиотекой - лабиринтом. А в Швейцарии в провинции Сенгаль есть библиотека с самым большим количеством средневековых книг. В 2005 году здесь посчитали все книги там было 160000 книг. Также библиотека колледжа Тринити в Дублине является самой большой научной библиотеки в Ирландии. Там 5 000 000 книг в том числе манускрипт, карты и есть ноты