Жаксылық, адамдық, байлық.
Бірінші байлық - денсаулық , денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимылын қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді. Спорт сенің серігің- Жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- Қимыл менен қозғалыс, - дегендей жазғы демалыс күндерінде спортпен айналысуды ұмытпаңыз.
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды.
<span>Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Мен 14 жастамын. Дегенмен балалық кезеңнен әлі де болса аттап кеткен жоқпын. Кешегі титтей кішкентай кезім қызық әрі өте қанық түстерге толы болды. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске түсіргенде, өз-өзіме көңілім толмай ұрысып аламын. Сол кезде жасаған көптеген оғаш қылықтарым үшін маған өкпелеп қалған адамдардан кешірім сұраймын. Кей сәттерді еске алғанда тіпті ішек қатып күлгенім де бар. Балалық шақ балдай тәтті ғой, арасында ащысы болса да, ол- балалық еркеліктің еншісінде. Ертең есейген шағымызда балалығымызды қатты сағынатын болармыз. Әрине, сағынамыз. Қазір бізде сағыныш бар, бірақ ол соншалықты қатты емес. Достар, есеюге асықпайық. Оған әлі жетеміз ғой. Бірақ балғын шақ кетісімен қайтып оралмас ешқашан. Сол себепті, сенің балалык шағың - өміріндегі ең басты байлығың дегім келді.</span>
Қазақ тiлi - Қазақстан республикасының мемлекеттiк тiлi. Қазақ тiлi (татарстан, башқұрт, қарашай-балкар, кумыктiк, карайым, крымскотатар, каракалпактiк, қараағаш, ногай) түркi тiлдерiнiң қыпшақ шағын тобына кiредi. Ногай, каракалпактiк және қараағаш тiлдерiмен бiрге қыпшақ - ногай тармағы жатады. Қазақ тiлi 8—8, 3 миллион адам үшiн ана тiлi шамамен болып табылады. 9 шақты 982 276 Қазақтарды 2009 жылдың Қазақстан тұрғынының осы санақтары арналған өз ана тiлiмен қазақ атады. Сонымен бiрге басқа Қазақстан халықтарының 1 дерлiк, 8 миллионы дәреже қазақ не бiр бiледi. Иелiктiң пайызы ең үлкен (пайыздардағы) ағайындас түрiк халықтарының арасында байқалады: (95, 5) өзбектер, (93, 7) ұйғыр, (91 ) түрiк (81, 2) әзiрбайжандықтар, (72, 6) татар, (92, 7) қырғыз.