Ответ:
Себебі сақтар мықты,халқына адал,жауына қатал халық болғандықтан,айналасындағы көршілер олардан қатты қауіптеніп отырды
Туған күніңізбен!
Әуелгі бақыт – денсаулық, екінші бақыт – ақ жаулық, үшінші бақыт – он саулық тілеймін.
1,Қыстағы қар жер ырысы
2,Қардың басын қар алар.
3,Сақырлаған аязда сары қамысты панала.
4,Қыстың көзі қырау.
5,Үркерлі айдың бәрі қыс.

Анашым! Сізге деген сағынышым күннен-күнге ұлғая түсуде... Сіздің маған берген тәрбиеңіз бен үлгі-өнегеңіздің арқасында мен жақсы азаматша болып өсіп келемін. Сіздермен өткізген әрбір минут, әрбір секунд мен үшін аса қымбат. Сол сәттерді қазір ерекше сағынатын болыппын. Асыл анам... мен Алматыға алға қойған асқақ армандарыма жету үшін келдім. Сіздің үмітіңізді ақтап, өзімнің таңдаған мамандығым бойынша көп жетістіктерге жетемін деп өз-өзіме серт еттім. Сіз маған әрдайым тіреу болдыңыз. Қиындықтарға төтеп беруге, жақсылыққа ұмтылуға, жамандықтан аулақ болуға үйреттіңіз. Жеңіске жетсем сол жеңіске қандай қиындықпен жеткенімді , қандай қиын сәттерді бастан өткергенімді еске салып отырдыңыз. Осы үшін мен сізге қанша алғыс айтсамда артық болмас сірә. Анашым... Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзейтінмін. Сізге қызыға да таңырқай қарайтынмын. Сіздің шыдамдылығыңызға, ержүректігіңізге таңғалмау мүмкін емес секілді. Ардақты анам... Сіз маған өмірде барға қанағат етуді үйреттіңіз. Өзіңіздің қандай қиындықтарды көргеніңізді айтып отырдыңыз, сол арқылы мен осы күніме шүкіршілік етуді үйрендім. Сіз менің қателіктерімді кешіре білдіңіз, еркелігімді көтере білдіңіз. Аяулы анам, менің сізден аларым әлі көп. Мен өмір теңізіндегі осы бір жолға аттанарда маған айтқан әрбір сөзіңіз, үмітпен қараған көздеріңіз мені алға жетелеп келе жатқандай. Мен сізбен бір күн сөйлеспей қалсам, сәби жүрегім сізді сағынып тұрады. Аяулы анам... Мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлға сізсіз. Жаратқанымның қолдауымен сіздің балаларыңызға деген махаббатқа толы жүрегіңіз, мөлдіреген көзіңіз жыламаса екен деп тілеймін... Анашым... Мен ешқашан жаман жолға түспеймін, себебі мен сіздей алтын ананың бөбегімін.
Ответ:
Киім туралы.
"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге, әдемі киімге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды әрі ыңғайлы болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Мен сабаққа мектеп формасын киемін. Ал сабақтан бос уақытта күнделікті ыңғайлы киім кигенді ұнатамын. Көбінесе ыңғайлы шалбар мен ауа райына байланысты жеңіл жейде (футболка) немесе жұқа күртеше кигенді ұнатамын. Ал мерекелік іс – шаралар мен жиын – тойларға қыздың көркін ашып тұратын әдемі көйлек кигенді ұнатамын. Сонымен қатар, киімге сай аяқ – киім таңдап кигенді жақсы көремін. Аяқ – киімнің әдемілігімен қоса, ыңғайлы болуы керектігін есте сақтаған абзал.
Келешекте өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.