Біз бұл ақшаны өзімізге жұмсайық
Жоқ бұны кедейлерге комектесу үшін?ата анамызга?туыстарымызга жумсайык
Мен келіспеймін біз бұл ақшаны өзімізге алуымыз керек канша ай тынбай еңбектендік.
Жарайды акшаны тендей болемыз сосын калагынды ыстей бер
Сызге кай баланын сөзі ұнады?
Дұрыс болмаса кешірім өтенемін дұрыс емес жерлерін өзіңіз дұрыстайсыз?ок?
Ответ:егер мен өнертапқыш болсам
Объяснение: просто знаю немного казахский
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:Сүйемін туған тілді - анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам - ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде:Мен оның түнін сүйем, күнін сүйемАғынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.Мен оның қасиетті тілін сүйем Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. Менің елім - көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.Бірақ сені қазақ деп айта алмаймынТуған ана тіліңде сөйлемесең, - дегім келеді.Сырдың сыршыл ақыны Ә.Тәжібаев «Біз түгел қазақ бола білейік» деген өлеңінде:Күркіре, көңілім,Қобызым, гуле, бұрқыра!Күн жаңа тудыЕрлікке ғана ұмтылар.Елдікті қорға,Елдікті бастар ерлікті айт.Сарының сеніңРух берсін жуас жұртыңаЖырла, тілім, жырла! - дейді.Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл - қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!Мен өз тіліммен мақтанамын!Қазақ тiлiм менің жәнеде қазақ елінің мақтанышы!
А.с тіл байлығы; алтын бесік.
і.с тіл байлығының, алтын бесіктің.
б.с тіл байлыққа, алтын бесікке
т.с тіл байлықты, алтын бесікті
ж.с тіл байлықта, алтын бесікте
ш.с тіл байлықтан, алтын бесіктен
к.с тіл байлықпен, алтын бесікпен
Ответ:
«Сіз үшін отбасының маңызы қандай?» диалог.
Мейрамбек: Әпке, осы «Отан отбасынан басталады» деп жатады үлкен кісілер, осы сөздердің мағынасы қандай?
Алтыншаш: Жаным, шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.
Мейрамбек: Сонда, біздің отбасымыз да Отанның бір бөлшегі сияқты ма?
Алтыншаш: Дұрыс айтасың, әрбір отбасы қоғамның бір мүшесі ретіндей. Отбасының адам өмірінде алар орны мен маңызы ерекше.
Мейрамбек: Ал отбасының қандай маңызы бар?
Алтыншаш: туған үйдің жылуы адам көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Мейрамбек: Мен сіздің арқаңызда бұл терең ұғымның мағынасын енді ғана түсінген сияқтымын. Рахмет сізге!
Алтыншаш: Оқасы жоқ, алтыным!