Ақылың ассын
Ықыласың тассын
Жақының көп болсын
Дұшпаның жоқ болсын
Жақсы келсін қасыңа
Нұр жаусын басыңа
Ғұмырың мәнді болсын
Үйіңіз қазанды болсын
Шаңырағыңа нұр кұйылсын
Дастарқаныңа жұрт жиылсын
Ақ бата
Қожаның жағымды жақтары:өз ісіне есеп бере алады, адал, өзін-өзі тəрбелейді, үлкенді сыйлайды, өлең шығара алады.
Қожаның жағымсыз жақтары: өтірікші, сотқар, тəртіпсіз,аңқау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету. Байланыстырып, жүйелі, мазмұнды әңгімелеуге қалыптастыру. Сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, сөйлемдерді дұрыс құрып, өз ойын айқын, дәл жеткізуге үйрету. Сауатты, көркем жазуға төселдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Қолымызды созайық.
Қағып - қағып алайық
Бойымызды жинайық
Көркем етіп жазайық!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Бес жолды өлең оқу.
- өткен тақырыпты еске түсіру.
- сұрақтар мен тапсырмалар.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) - Балалар жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістерді байқадыңдар?
Көркем жазу минуты (әріптің жазылуын түсіндіру)
К
к
Көрікті көктем келді.
1 - жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме жазу.
Тірек сөздер: жеңіл киім, бүршік, ұя, ағаш, құстар, қар, су.
2 - жаттығу. Жасырын сөздерді тауып, өлеңді оқу.
(Көктем келді) күлімдеп,
(Жердің беті) құлпырып.
(Күннің көзі) шуақты,
(Жылғалардан) су ақты.
Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім
Осыдан бәрі басталады
Мынау менің басым
Осы бәрін басқарады
Менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
1, 2, 3 біз жинаймыз күш.
3 - жаттығу. Әр қатар өздеріне берілген сурет бойынша жұмбақ құрастырады.
1 - қатар. Күн
2 - қатар. Гүл
3 - қатар. Мұз
4 - жаттығу. Тақтамен жұмыс.
Ұлттық ойындар: асық, арқан тарту, алтыбақан, қыз қуу, күрес.
Ұлттық киімдер: камзол, кимешек, сәукеле, тақия, ішік.
Ұлттық тағамдар: наурыз көже, ет, жент, қазы - қарта, жал - жая, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат.
Бекіту.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Көктемнің алғашқы мерекелерін ата.
<span>Үйге: Көктем тақырыбы бойынша бес жолды өлең құрастыру</span>
Жүреміз-жүрмейміз, жабасыз-жаппайсыз,қоясың-қоймайсың, тоқтатасындар-тоқтатпайсындар, ішеді-ішпейді, аламын-алмаймын, ойнайды-ойнамайды, сөйлесесіздер-сөйлеспейсіздер, қазамыз-қазбаймыз, барасыздар-бармайсыздар, білемін-білмеймін,сағынасыздар-сағынбайсыздар, дайындаламыз-дайындалмаймыз, сатады-сатпайды, қыдырасыңдар-қыдырмайсыңдар, жанасың-жанбайсың, әкелемін-әкелмеймін, санайсыз-санамайсыз, бересіңдер-бермейсіңдер, жатасыз-жатпайсыз, киінесің-киінбейсің.