Буд.вр.- Я пойду гулять.
наст.вр- Я иду гулять.
прош.вр.- Я ходила гулять.
Жолбарыс (лат. Panthera tigris) – сүтқоректілер класының мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң.
Қазіргі кезде Ресейдің Қиыр шығысында, Үндістан түбегінде, Қытайда, Ява, Суматра аралдарында ғана кездеседі. 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін Тұран жолбарысы Қазақстанда Сырдарияның төменгі ағысындағы қалың қамысты, тоғайларды мекендеген; осы өңірде соңғы жолбарыс 1933 ж., ал Балқаш жағалауында 1948 ж. атылған.
Range of the tiger including the western part 1900 and 1990
Тұрқы 160 – 290 см (ең ірілері 3 м-ден асады), құйрығының ұзындығы 110 – 120 см-дей, салмағы 200 – 220 кг (кейде 300 кг-нан артық). Еркегі ұрғашысынан ірі болады. Басы жұмыр, жүнінің түсі қызыл жирен, арқасы мен екі бүйірінде көлденең қара түсті жолақтары айқын байқалады. Құлағы қысқа, төрт қатар мұртшалары ірі қылшықты (ұзындығы 14 – 18 см).
Көзінің қарашығы ашық сары түсті. Сойдақ тістері өте ірі әрі өткір, иілген тырнақтары мықты, алдыңғы аяғы артқы аяғынан жақсы жетілген. Көбінесе, қоныс ауыстырып, жеке жүреді. Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік, т.б. тұяқты жануарларды ұстап жейді, кейде малға, қасқырға, итке де шабады. Жолбарыс 2 – 3 күшік туады, оларды 5 – 6 ай емізеді. Табиғи жағдайда 40 – 50 жылдай тіршілік етеді. Дүние жүзінде жолбарыстың саны жылдан жылға азаюда. Мысалы, 2000 ж. жолбарыстардың жалпы саны 7 мың болды. Қазіргі уақытта жабайы ортада (13 мемлекетте) мекендейтін жолбарыстардың саны 3200 шамасында ғана қалды[3]. Сондықтан жолбарыстың барлық түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Жолбарысты қазақ халқы ежелден күштіліктің символы санаған. 12 - 13-ғасырларда Тоқтамыс хан соқтырған тиында жолбарыс бейнесі салынған.[4]
«Үлкенге — құрмет,кішіге –ізет,»-деген нақылды ата-бабамыз бағзы заманда айтып кеткен.Дегенмен,сондағы «құрмет» дәл бүгінгі таңда өзіндік сипатын,мән-мағынасын,өз қадірін жоғалтып бара жатқан сыңайлы.Олай дейтін себебім де жоқ емес.
Әңгіме,кешегі сабақтан менің алған әсерім жайында болмақ:
Сабақ кезі болатын.Студенттер жарыса сабақ айтып,сабақ айтып болғандары өз бетінше отырған сәт.Кенет,аудиторияға өзіміздің факультетімізге еңбегі сіңген ұстаз,сабақ өтіп жатқан мұғалімнің рұқсатын алып:
«Жігіттер,маған сабақ айтып болғандарың көмек беріп жіберіңдерші,»-деп өз келген себебін түсіндірді.Сабақ айтып болған,бойында ар-ұяты бар жігіттер орнынан тұрып,ағай жаққа беттеді.Бірақ,олардың саны аз болуына байланысты, ағай шетте өз алдында отырған студентке:
«Сенде көмек беріп жіберші,»-деп сұранып еді,әлгі жігіт көңілі түсіп,шеке-басы тырысып,отырған орнынан әрең тұрды да,ағай бастаған топпен бірге сыртқа шығып кетті.
Аудиторияда қалғандар ары қарай сабақтарын жалғастырды.Бір кезде әлгі тырысып кеткен студентіміз жұлқынып қайтып келді.Оның артынша,ағай да кірді.Жігіт ағайды көре сала:
!Менің өз құқығым бар,мен мұнда сабақ оқуға келгенмін.Мен қар күремеймін,»-деп бүкіл аудиторияға жар салды.Жігіт сөзін аяқтап жатқан сәтте,аудиториядан сабағын айтып болған жігіт: «Ағай,оның орнына мен барамын»-деп ағайдың соңынан ерді.Аудитория аң-таң.Барлығының өз ішінде талқылап жатқан тақырыбы қазіргі оқиға.Әркім өз ойын айтып,оқиғаға өз бағаларын беріп жатқандар да бар.
Арада 3-5 минут уақыт өте сыртқа кеткен студенттер аудиторияға оралды.Олардың артынан ағай да кірді.Ағай бұрышта отырған әлгі жігітке қарап:
-«Елімізде,дәл сендей жігіттердің барына ұяламын.Кезінде сен секілді студенттер Желтоқсан оқиғасына қатысып,осы елді,университетті сақтап қалу жолында жандарын пида еткен.Ал сен болсаң,өзің оқып жүрген факультетіңнің алдындағы екі күрек қарды күреуге ерінесің.Ол жақсылық емес,»-деп,өз ренішін білдіріп,студенттерді босатқан мұғалімге алғысын айтып,кете барды.
Осы оқиға маған әсер еткені соншалық,мен группаласым ,сен үшін ұялып отырмын!Сонда,біздің жастарымыздың қазіргі кезде үлкенді құрметтеуден қалып,адамгершілікті ұмытып,өз құқығын дәріптеуіне кім кінәлі?Сенің де ағай секілді ата-анаң бар емес пе?!Ертең дәл осы жағдайды сенің әкеңе біреу жасайтын болса,сен әкеңді қалай қорғайсың?Әлде: «Ол адамның өз құқы,сідікі дұрыс емес,Әке,»-деп әкеңе кінә қоясың ба?Достым,жақсылап ойлан,әлі де кеш емес. «Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келеді».Жастайыңнан болашағыңа балта шаппа!Ойлан!Ақылға кел!Үлкенді құрметте.
Синоним- айтылуы, естілуі, жазылуы әр келкі, мағыналары бір- біріне жақын сөздер.