«Үлкенге — құрмет,кішіге –ізет,»-деген нақылды ата-бабамыз бағзы заманда айтып кеткен.Дегенмен,сондағы «құрмет» дәл бүгінгі таңда өзіндік сипатын,мән-мағынасын,өз қадірін жоғалтып бара жатқан сыңайлы.Олай дейтін себебім де жоқ емес.
Әңгіме,кешегі сабақтан менің алған әсерім жайында болмақ:
Сабақ кезі болатын.Студенттер жарыса сабақ айтып,сабақ айтып болғандары өз бетінше отырған сәт.Кенет,аудиторияға өзіміздің факультетімізге еңбегі сіңген ұстаз,сабақ өтіп жатқан мұғалімнің рұқсатын алып:
«Жігіттер,маған сабақ айтып болғандарың көмек беріп жіберіңдерші,»-деп өз келген себебін түсіндірді.Сабақ айтып болған,бойында ар-ұяты бар жігіттер орнынан тұрып,ағай жаққа беттеді.Бірақ,олардың саны аз болуына байланысты, ағай шетте өз алдында отырған студентке:
«Сенде көмек беріп жіберші,»-деп сұранып еді,әлгі жігіт көңілі түсіп,шеке-басы тырысып,отырған орнынан әрең тұрды да,ағай бастаған топпен бірге сыртқа шығып кетті.
Аудиторияда қалғандар ары қарай сабақтарын жалғастырды.Бір кезде әлгі тырысып кеткен студентіміз жұлқынып қайтып келді.Оның артынша,ағай да кірді.Жігіт ағайды көре сала:
!Менің өз құқығым бар,мен мұнда сабақ оқуға келгенмін.Мен қар күремеймін,»-деп бүкіл аудиторияға жар салды.Жігіт сөзін аяқтап жатқан сәтте,аудиториядан сабағын айтып болған жігіт: «Ағай,оның орнына мен барамын»-деп ағайдың соңынан ерді.Аудитория аң-таң.Барлығының өз ішінде талқылап жатқан тақырыбы қазіргі оқиға.Әркім өз ойын айтып,оқиғаға өз бағаларын беріп жатқандар да бар.
Арада 3-5 минут уақыт өте сыртқа кеткен студенттер аудиторияға оралды.Олардың артынан ағай да кірді.Ағай бұрышта отырған әлгі жігітке қарап:
-«Елімізде,дәл сендей жігіттердің барына ұяламын.Кезінде сен секілді студенттер Желтоқсан оқиғасына қатысып,осы елді,университетті сақтап қалу жолында жандарын пида еткен.Ал сен болсаң,өзің оқып жүрген факультетіңнің алдындағы екі күрек қарды күреуге ерінесің.Ол жақсылық емес,»-деп,өз ренішін білдіріп,студенттерді босатқан мұғалімге алғысын айтып,кете барды.
Осы оқиға маған әсер еткені соншалық,мен группаласым ,сен үшін ұялып отырмын!Сонда,біздің жастарымыздың қазіргі кезде үлкенді құрметтеуден қалып,адамгершілікті ұмытып,өз құқығын дәріптеуіне кім кінәлі?Сенің де ағай секілді ата-анаң бар емес пе?!Ертең дәл осы жағдайды сенің әкеңе біреу жасайтын болса,сен әкеңді қалай қорғайсың?Әлде: «Ол адамның өз құқы,сідікі дұрыс емес,Әке,»-деп әкеңе кінә қоясың ба?Достым,жақсылап ойлан,әлі де кеш емес. «Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келеді».Жастайыңнан болашағыңа балта шаппа!Ойлан!Ақылға кел!Үлкенді құрметте.
Мәтінде негізінен ғаламтор мен оның жастарға әсері туралы сөз етілген.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:“Біздің жастарымыз оқуға,жаңа ғылым мен білімді игеруге,жаңа машықтар алуға,білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс”-деп атап көрсеткен екен.
Ал көпке белігі Гуг-ң негізін салушы Эрик Шмид өзінің “Жаңа сандық дәуірі” атты кітабында интернет және тағы да басқа технологияларға тоқтала келе,қоғам, мемлекет пен бизнестің келешегі үшін жаңа пікір ұсынды.Ол пікір бойынша,адамзат интернетті өз қолымен жасағанымен,оның қыр-сырын әлі түсінбейді.Және де интернеттің пайдасымен қатар зиянды жағы да бар.Оларға мысал: дәйексіз ақпарат,онлайн алаяқтық,ұятсыз ойындар мен бұзақылыққа апаратын сайттар.
– Көтерілген мәселе:
Ғаламтордың жастардың өмірі мен қауіпсіздігіне әсері.
– Негізгі деректер:
1.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:“Біздің жастарымыз оқуға,жаңа ғылым мен білімді игеруге,жаңа машықтар алуға,білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс.Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап,ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек”- деген болатын.
2. Біраз уақыт бұрын Гуг-ң негізін қалаушы Эрик Шмидтің “Жаңа сандық дәуірі” атты кітабы шықты.
На первом этаже нашей школы расположена столовая. Столовая просторная, светлая и чистая. После третьего урока я вместе со своими одноклассниками иду в столовую. Мы обычно берем суп или же кашу. И после этого хлеб, чай и иногда берем сок. Перед тем как кушать мы моем руки и желаем друг другу приятного аппетита.
Наурыз мейрамы— ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамыүш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамыжәне жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.