Аэропорт, әуежай – әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын.
Бұл ұғым гректің aer – ауа, француздыңport және латынша portus, яғни айлақ деген екі сөзінің бірігуінен шыққан. Құрамына аэродром, аэровокзал, т.б. ғимараттар, техникалық қызметтер, құрал-жабдықтар енеді.
Жабдықталу және тасымалдау дәрежесіне қарай халықаралық және жергілікті аэропорттар болып ажыратылады. Қазіргі таңда әуе көлігінде қызмет атқаратын жас мамандарды стюардесса деп атаса, жүргізушіні ұшқыш деп атайды.Әуе кемесін басқарудың өзі көп қиыншылықты талап ететіні мәлім. Ұшақты басқаруда осы күнге дейін біршама ұшқыштар миллиондаған адамдардың жанын алып қалу үшін, қз жндарын қиған. Аэропорт радиолокатормен, автоматты радиотехникалық құралдармен, жарық сигналы жүйесімен, навигациялық құрылғылармен, т.б. жабдықталады. Аэропорттың орнын таңдағанда оның қалаға қатынауға ыңғайлы болуы, қалада шуды көбейтпеу мақсатында едәуір қашықтыққа орналастыру, грунттық және гидрогеологиялық шарттардың орындалуы, аэропорт жанында биік кедергілердің болмауы, т.б. ескеріледі.
Аэропорттың негізгі бөлігі – аэродром. Онда ұшақ ұшатын және қонатын жолақты жолдар, бағдарлану жолы, ұшақ тұратын орындар, т.б. болады. Ал аэропорттың қызмет көрсету-техникалық аймағына жолаушылар кешені (аэровокзал, аэровокзал алаңы, перрондар, қонақ үй, т.б.), радионавигациялық және ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін т.б. ғимараттар, сондай-ақ жүк тиеу және түсіру кешені жатады. Ірі аэропорттардың аумағы мыңдаған гектарға жетеді (мысалы, Нью-Йорктегі Кеннеди аэропорты) және оларда бір мезетте бірнеше ұшақ қонып және ұшып жатады. Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында аэропорт бар. Алматы аэропортында тәулігіне, орташа есеппен 4 мың (жаз айларында 6,5 мыңға дейін) жолаушыға қызмет көрсетіледі.[1]
Біздің мектепте кітапхана бар.Кітапхана кең, жарық және таза.Кітапханада түрлі кітаптар көп.Оқушылар кітапханадан қажетті мәліметтер алады, кітап ,журнал оқиды.Мектептің кітапханасында әртүрлі іс шаралар өткізіліп тұрады.Мен жиі кітапханаға барып тұрамын.Біздің кітапхана маған ұнайды.
Менің бөлмем өте кең, жарық және менің таңдауым бойынша жасалған. Бөлме қабырғасы көгілдір және оның үстінде түрлі-түсті гүлдер салынған. Төбеде көгілдір аспашам. Аспашамдағы суреттерді қабырғаға жақын болсын деп, өзім салдым. Бөлмемде менің киім салатын шкафым, сабақ істейтін үстелім бар. Үстелдің үстінде компьютер, оның алдында мен көп уақыт өткіземін. Үстелдің қасында кітап салатын шкафым бар. Сол шкафтын бір сөресінде өзімнің сувенирлерім бар. Оларды мен болған елдерден әкеліп жинап жатырмын. Сол қызығушылығым жайында барлық достарым, туысқандарым біледі. Басқа елдерге барғанда, міндетті түрде маған сувенирлерді алып келеді. Бөлмемде тазалық сақтаймын, өйткені ол менің жан түкпірім.