Туған ауылым тау етегіне орналасқан. Көк майса, шалғын шөп, таза, салқын ауа, керемет. Таудың құдіретін тек көріп, өскен адам ғана бағалай алады. Тау баласы тауға қарап өседі демекші, біз тау төңірегінде қысы, жазы таудан өзімізге қуат алып өстік. Қыста шаңғы, көк майсада таза ауада ойнау. Қозы- лақтарды бағу. Тау сен биіксің, бізді биіктікке баулыдың. Алатауым асқақтай бер.
1.Отан
2.Бай, кең
3.Аялайды, өсіреді, құшағына алады
4.Отан оттан да ыстық
5. Отан
1)Асқазан ішілген тамақтан 4 сағат шамасында босайды.
2)Тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспау керек.
3)Тамақ ішудің арасында үзіліс өте ұзаққа созылмау керек.
Ответ:
Бесікке салу- нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл- үйдің әйелдері шашуын, жол- жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.Ол өзінен басқа тағы бір- екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үйлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады.Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі- шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және бесік жыры айтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?
Тағы бір нұсқасы:
Әлди- әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.