<span>Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
<span>Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы - ол,
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр - қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шылдақана,
Олар да өлең айтар шулап жаңа.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,
Айтсаң да үддасынан шыға алмайсың.
Сен білмейді екен деп айтпасын ба,
Неге мұнша сіресіп құп алмайсың?
Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді
Қадірін жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа аған да айтар кезді.
Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?
Сүйенерлік адамды құрмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.
Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі - жамау, бірі - құрау.
Әттең дүние - ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде - ақ көрініп тұр - ау.
Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңлін қойып, көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан - саулық ойда жоқ әуел баста - ақ</span>
</span>
АТАУ СЕПТІК- ӨЗЕН КӨЛ ТЕҢІЗ МҰХИТ
ІЛІК СЕПТІК-ӨЗЕННІҢ КӨЛДІҢ ТЕҢІЗДІҢ МҰХИТТЫҢ
БАРЫС СЕПТІК-ӨЗЕНГЕ КӨЛГЕ ТЕҢІЗГЕ МҰХИТҚА
ТАБЫС СЕПТІК-ӨЗЕНДІ КӨЛДІ ТЕҢІЗДІ МҰХИТТЫ
ЖАТЫС СЕПТІК-ӨЗЕНДЕ КӨЛДЕ ТЕҢІЗДЕ МҰХИТТА
ШЫҒЫС СЕПТІК- ӨЗЕННЕН КӨЛДЕН ТЕҢІЗДЕН МҰХИТТАН
КӨМЕКТЕС СЕПТІК- ӨЗЕНМЕН КӨЛМЕН ТЕҢІЗБЕН МҰХИТПЕН
<span>Қостанай қаласы Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан. Қостанай 1879
жылы салынды. Қостанай сәнді, әсем қалалардың бірі. Ол Тобыл өзеннің сол жақ
жағасында орналасқан. Қостанайда Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры,
Ыбырай Алтынсаринның мұражайы бар. Қаланың ортасында парк, кинотеатр, телеграф,
орталық әмбебап дүкені бар. Қостанай астықты өлке, мәдениет орталығы. Онда жалпы
білім беретін ондаған мектеп, Ахмет Байтұрсынов атындағы университет, заң
институты басқа да жоғары және орта оқу орындары, өлкетану және географиялық
мұражайлар бар. Қостанайда 220 мың адам тұрады. Олар әр ұлттың өкілдері. Олар
тату тұрады. Қостанай жерінде ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ғалым Шоқан
Уәлиханов, қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов және тағы
басқалар туған. Қазір Қостанайда атақты ақын, жазушылар тұрады. Олар Серік
Шәкірібаев, Ақылбек Шаяхмет, Нағашыбай Мұқатов. Олар біздің мақтанышымыз. </span>