Бүгін біздің үйде қамыр ауқат істелінді.Тамағымыз дәмді болып шықты.Отбасымызға қатты ұнады.Қамыры жұмсақ.Ал қазы ең дәмді болып шықты.
маған ұнайтын пән
Мектеп қабырғасында оқып жүрген әр оқушының өзіне ұнайтын пән болады. Қандай пәнді алып қарасақ та, оның маңызы зор. Маған ерекше ұнайтын пән - география пәні. Геграфия сабағы барысында өз ойымды еркін жеткізіп отырамын. Бұл пәнді оқи отырып, әлемнің түрлі елдерін біліп, олардың экономикасы мен халқының жағдайын толық меңгеріп шығуға болады. Мен ылғи география пәнін назардан тыс қалдырмай оқимын. Үйге берілген тапсырмаларды және картамен жұмысты ерекше ынта-жігермен орындаймын. Болашақта осы пәнмен байланысы бар маман иесі болсам деймін.
Менің достарым көп.Достарымның барлығы әдепті, тәртіпті, жақсы оқиды.Мен осындай оқушылармен дос болғаным үшін мақтанамын.Бұлардың барлығы сыныптас достарым.Біз бір-бірімізді ешқашан ренжітпейміз.Сабаққа бірге дайындалып, бірге ойнаймыз.
Дұрыс жауабы: дәмді.
Қосымша:"Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр<span> т. б.), сыры мен сапасын (</span>жақсы, жаман, тәуір, нашарт. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл<span> т.б.), дәмі мен иісін (</span>ащы, тәтті, күлімсі<span> т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.</span>