ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІНДЕГІ АЙТЫС
НЕМЕСЕ АЛАУ ЖАНЫНДАҒЫ КӨРІНІС
Түлкі:
Түлкі бикеш мен едім,
аңқауды алдап келемін.
Алау жақса балалар,
мен де билеп беремін!
Қоян:
Мен қоянмын, қоянмын,
аппақ қарға бояндым.
Достар тағы келер деп,
ертеменен ояндым!
Қасқыр:
Қоянға да сенемін,
қозыға да сенемін.
Желе-жортып келемін.
Танысайық, балалар,
қасқыр батыр мен едім!
Аю:
Мен аюмын, балалар,
аю балдан нәр алар.
Ей, балалар, мені де
кешіңізге ала бар.
Ақ тиін:
Мен тиінмін, тиінмін,
ақ мақтадай киіндім.
Ән мен биге үйірмін.
Келіп алыс орманнан,
алдарыңа иілдім!
Лақ:
Лағымын ешкінің,
әдептімін, естімін.
Бүгін мұнда бір қызық
<span>болатынын естідім! </span>
Синонимдер.
бағалы, құнды,қымбат.
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.
Еңбек ету, Отан сую, билим алу
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЕРТЕГІМ.
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЕРТЕГІЛЕРІМ ӨТЕ КӨП. МАҒАН ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ОҚИҒАЛАР АРАЛАСҚАН, ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕГІЛЕР ҰНАЙДЫ. СОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ "МАҚТА ҚЫЗ БЕН МЫСЫҚ", "ҚАҢБАҚ ШАЛ", "ҮШ ӨНЕРПАЗ", "КҮН АСТЫНДАҒЫ КҮНІКЕЙ ҚЫЗ" ЖӘНЕ Т.Б. ЕРТЕГІЛЕРДІ СҮЙІП ОҚИМЫН. ОЛАРДЫҢ МАҒАН ҰНАЙТЫН СЕБЕБІ, БАЛАЛАРҒА БЕРЕЬІН ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ.