Ответ:
Қазқтар өте даңты ел болған.Қазақтарда жеті қазына бар.Оның ішіне қыран бүркіт кіреді. Баяғы кезде қазақтар аңды бүркітпен аулаған.Олар атпен жүріп бүркіттің көзін ашып жібереді,бүркіт көрген жануарын аулайды.Қазақтар өте мықты қалық болған
Кешке қарай қала жақтан екі-үш машина ауылға қарай жол тартты. Отыз жасында орда бұзбаса, қырықта қыр аспайды. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Семей - тоғыз жолдың торабында тұрған қала. Қатысушылардың жүзден екісі ғана бұл сұраққа мүдірмей жауап берді. Сталинге хат жолдаған бесеудің тағдыры тарих беттерінде қалды.
Ответ:
Досым, мен атам мен әжемнен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы көптеген мағлұматтар алдым. Міне, енді өзімнің осындай жақсы жаңалықтарыммен өзіңмен бөліскім келеді. Сен бесіктің не екенін білмейтін боларсың? Бесік жаңа туған нәрестенің жатын орны. Оны ұсталар ағаштан өрнектеп жасайды, бесіктің түрлі жабдықтары болады. Сәбиді бесікке салу үлкен мереке. Бұған ағайын-туыстар жиналады, көпшілігінде болатын әже, апалар. Бесікке нәрестені сыйлы, халық алдында абыройлы кісі салады. Бесікке бөленген нәрестеге арнап бесік жыры айтылады. Балаға бата беріледі. Бесікке бөлеген анаға сыйлық тарту етіледі.
Шілдехана - нәресте перзентханадан үйге келгенде жасалатын той. Ағайын, дос, бауырлар жиналып, дастархан басында балаға құтты болсын айтып, бата, тілектерін білдіреді.
Балаға діни қызметкер немесе үлкен аталар баланың құлағына азан шақырып ат қояды.
Тұсау кесер- бала тәй-тәй басып енді жүре бастағанда ата-анасы халқын жинап, елдің құрметті азаматына баласының тұсауын кестіреді. Бұндағы мақсат бала өмірде сүрінбесін, жолы ашық болсын, саналы, салауатты адам болсын,-деген.
Әзірге айтарым осы, сау бол досым.
Объяснение:
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
<span><span>
</span></span>
Біз, адамдар көбіне «Бақыттымын» деп айтпаймыз. Сол сәт біздің бақытты шағымыз екенiн де біле бермейміз. Уақыт өте келе барып, сол күндердің бақытты шақ екенін байқаймыз. Көңілімізге сәл қаяу түссе, өзімізді бақытсыз сезінеміз, өз өміріміздегі, жеке басымыздағы шешімі табылмай жүрген маселелерді ғана ойлап, абыржу хәлін тудырамыз. Осы тұста жиырмасыншы ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризміне тоқталсақ: «Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебi, басымыздағы бақытымызды тіршілікпен алысып жүріп, байқамауымызда». Бақыт - атақ та емес, мансап та емес. Байлық, әр жанның түсінігінше әрқалай. Мысалы, ата-ана үшiн - баласының амандығы, мүгедектер үшін - денсаулық амандығы, зағиптар үшін - әлемнің жарығын бip көру. Ал, мен ушін бақыт - ата-анамның және бауырларымның амандығы, үміттерін ақтап, оқуымды аяқтап, өз бетіммен жұмыс жасап, еңбегімнің жемісін ата-анама таттыру. Міне, осының өзі мен үшін бip бақыт болып саналады. Сондыттан, Д. Корнегидің мына сөзін ұмытпағанымыз абзал: «Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз