Бұл оқиға жазғы демалыста болған. Əкем екеуміз балық аулауға бардық. Барып көп уақыт өтпей менің қармағыма дəу балық түсті. Оны судан шығарғанға əкем көмекке келді. Əрен дегенде судан шығара бергенде балық қармақтан сырғып қашып кетті. Балық ұстамасақта демалысымыз ангімеге тола қызықты өтті
Отан отбасынан басталады» деген ата-бабалардан қалған қасиетті сөздің мән-мағынасы өте тереңде жатыр. Тереңірек үңіліп, ақылмен ойланып қарайтын болсақ, әрбір отбасы өз алдына жеке бір Отан. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Отбасында орнаған береке-бірлік, татулық, сыйластықтың Отанымыздың кемелденіп өсу жолында алар орны ерекше. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. №51 Өрт сөндіру бөлімінде отбасы –Ұлы құндылық екендігін насихаттау мақсатында әртүрлі мерекелік іс–шараларды отбасымен ұжымда өткізу дәстүрі қалыптасқан деп айтуға болады. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде әр жыл сайын қазақы салт дәстүрге сай дастархан жайылып, ардагерлерімізді шақырып қонақ етіп, ұлттық тағамдар дайындалады. Кәсіби мерекеміз, ұлттық мерекелерде отбасымызбен бірге спорттық шаралар өткізіледі. Айта кетерлігі, қызметкерлеріміздің отбасында өсіп келе жатқан ер балаларымыздың әрбірі өрт сөндіруші мамандығына сүйіспеншілікпен қарап, ер жеткенде осы мамандықты таңдаймыз деген болашақ армандарымен бөлісіп жатады.
А.с. кім?не?Достық
І.с. Кімнің?ненің? Достықтың
Б.с. Кімге?неге? Достыққа
Т.с. Кімді?нені?Достықты
Ж.с. Кімде?неде?Достықта
Ш.с,Кімнен?неден?Достықтан
К.с. Кіммен?немен?Достықпен
Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады.[1] Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны әсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды. Қазақтелевизиясы 1970-жылдары көгілдір экраннан жүйелі түрде «Алтыбақан» сауықкешін ұйымдастырып тұрды.