Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. <span>«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. </span>
Қоршаған ортаның ластану проблемасы көптеген адамдар өздерімен бірге болатын жауапкершілікті сезінбейді. Олар бір адам ештеңе шешпейді және қоршаған ортаға әсер етпейді деп айтады. Шын мәнінде, тіпті әсер ретінде. Көшеде әр адам қағаздың бір бөлігін тастайды. Мұнда қоқыс тауы. Әрқайсысы қағаздың бір кішкене бөлігін тастаса да. Әрбір кішкене жапырақты таңдау. Ағаш бұрын тұрған. Біздің іс-әрекеттеріміз көп шешеді деп мойындауымыз керек, табиғаттың сақталуы бүгінгі күні маңызды мәселе деп санаймын. Меніңше, бұл мәселені жан-жақты шешу керек. Бір жағынан, мемлекет экологияны жақсартуға ықпал етуі керек. Екінші жағынан, әрбір адам осы істі қолдануға тырысуы керек.
Батаның негізі- тілек. Батаның мағыналы тұрғыда екі түрі бар. Ақ (оң) бата, бұл жақсы тілектен тұрады. Теріс бата(қарғыс) бұл адам наразы болғанда ренжігенде беріледі.
Барлығымызға ақ(оң) бата алуға нәсіп етсін. Бата қуаныштың ретіне қарай беріледі. От басына амандық тілеп, жастарға өмір, бақыт, білім тілеп, сапарға шыққандарға ақ жол тілеп беріледі.
Рамазан батасы, жол батасы, шілдехана, бесік той, құрбан айт, тіл ашар тойы, туған күнге беріледі.