Мен 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесіне отбасыммен бардым. Біз ол жерге сағат 12-де жеттік. Балаларға билет тегін болды. Ал ересектерге 50-пайыз жеңілдік болды. Біздің көргіміз келген бірінші павильон Германия павильоны болатын. Бірақ біз оған кіре алмадық. Себебі онда кезек көп болды. Сол себепті біз Испания павильонына бардық. Маған қатты ұнағаны ұша алатын мотоцикл болатын. Ал ең соңғы павильон россиялық болды. Бірақ онда да үлкен кезек болды, біз кезектен өттік. Ол соған тұрарлықтай болды! Біз сол күні 70-ке жуық павильондар араладық! Бірақ біз қазақстандық павильондарды аралайды алмадық. Алайда біз онда міндетті түрде боламыз!
<span>Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша WBC, 2014 - қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын.</span>
Ответ:
Біріншіден тіл үйренуді балабақшада дұрыс жолға қою керек.
Екіншіден, үйренген тілді дамытатын орта қажет. Біз мектепте үйренген тілді көшеде өз замандастарымызбен бірге жүргенде тереңдете түстік. Сөйтіп,, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейттік. Егер ондай жағдай болмағанда, үйренген тілді ұмытып қалуымыз да мүмкін еді. Менің үйренген тілді дамытатын орта керек дегенім сондықтан.
Үшіншіден, қазір қазақ тілін үйрену жөнінде әртүрлі әңгімелер айтылып қалады. Әсіресе әдістеме, көрнекіліктер жоқ деген сөзді жиі естиміз. Шынына келсек, бұл сылтау ғана. Ұмтылған адамға, ізденген талапкерге мүмкіндік бар. Айталық, ағылшын, түрік тілін үйрету әдістемелерін қолдана отырып жасаған дүниелер аз емес. Тек соны тиімді пайдалану керек.
Бір сыныпта оқыған оқушылардың бәрі бірдей қазақ тілін неге меңгермейді деген сұраққа, оның бәрі ата-анаға байланысты деп ойлаймын. Ұрпағының Отанға деген сүйіспеншілігін тудыра алмаса еліне деген патриоттық сезімін оятпаса, ол баланың мемлекеттік тілді білуге ынтасы арта ма? Сондықтан да біз тіл үйретуді тәрбиемен ұштастыру білуіміз керек. Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері өздеріне бар мүмкіншілікті жасап, барлық ұлтқа тең дәрежеде қарап отырған жұрттың Ата Заңда мемлекеттік мәртебеге ие болған тілін біліп, құрметтеуге тиіс деп ойлаймын.
Ел іші - алтын бесік
әркімнің өз жері - жұмсақ
отансыз адам - ормансыз бұлбұл
ынтымақты елге - ешкім жетпес
еңбек - адамның екінші анасы