Аралар терезенің сыртқы жоғарғы жағына ұя салуға құмар. Арман аулада балалармен ойнап жүргенде, осындай араның ұясына көзі түсті. Балалардың алдында ерекше көрінгісі келіп, бәрін қазір қызық көресіңдер, бері келіңдер деп шақырды. Сонан соң қолына ұзын таяқ алып араның ұясын шұқып, бұза бастады. Ызаланған аралар балаларға жабыса бастады, балалар зорға қашып құтылды.
Әр адам бос уақытында өзі қалаған сүйікті ісімен айналысады.Бұл әр адамның қызығушылығына,қабілеттілігіне орай ұйымдастырылады.Сол сияқты мен бос уақтымда,кітап оқығанды жақсы көремін.Кітап оқу-адамның ой-өрісін,арман-қиялын дамыта түседі.Сен қызықты кітап оқып отырған кезіңде,неше-түрлі құпия әлемге тап боласың.Кітап сені өзің біле бермейтін жұмбақ ғаламмен тілдестіреді.Менің бос уақтымда оқитын кітаптарым Тарихи кітаптар.Мен Элизавета патшайым туралы,сондай-ақ дүние жүзілік тарихи әдебиеттерді сүйіп оқимын.Әсіресе маған Признание Королевы атты кітап ұнайды.Бұл кітапта Францмя королевасы Марии Антуанетта туралы жазылады.Өте қызықты тарихи романІІІ
Мен бос уақтымды кітап оқумен өткізем,кейде достарыммен серуендеп қайтамынІІ
Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.
Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Астана қаласында Инвесторларға арналған
Не упускать из виду
вроде так))))