Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы.
"Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Атақты Медеу мұз айдынында қызу жарыс өтіп жатыр . Халық көп .Қазақстандықтар өз жерлестеріне қолдау көрсетіп жатыр .Алақай бұндай қолдаудың және қазақ спортшыларының күшінің арқасында біз жеңіске жеттік!
Бүгінде еліміз ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет болып орнықты - Е. Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары 2010 жылғы 27 қазан 10:28 12147 АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат - «Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қауымдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды. Еркіндікті аңсаған ата-баба мұрасы жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұраты - тәуелсіздікке қол жетті. Қазақ жерінде атқан егемендік таңы ең алдымен, алып та дархан даланың төсін қанымен суарған, терісі сөгіле қызмет еткен ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды да нақты нәтижесі». «ҚазАқпарат қонағы» айдарының бүгінгі қонағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Тәуелсіздік туралы осылай ой толғайды. Төменде Е. Тоғжановтың Тәуелсіздік туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлі жайлы айтқан ойларын және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалына қатысты пікірін назарларыңызға ұсынамыз. ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ Қазақ «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген. Бүгінде еліміз ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет болып орнықты. Үстіміздегі жылы берекенің бастауы - бірлік пен қоғамдық келісімді қалыптастырудың өзегі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына он бес жыл толды. Тарихи өлшем тұрғысынан қысқа мерзім аралығында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында толайым табыстарға қол жеткізген іргелі институт бірлік пен келісімнің, ауызбіршіліктің қозғаушы күшіне айналды. . Еркіндікті аңсаған ата-баба мұрасы жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұраты - тәуелсіздікке қол жетті. Қазақ жерінде атқан егемендік таңы ең алдымен, алып та дархан даланың төсін қанымен суарған, терісі сөгіле қызмет еткен ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды да нақты нәтижесі. Қазіргі таңда, еңселі ел болудың даңғыл жолына түстік, әлеуетіміз артты, дәулетіміз еселеніп отыр. Қазақстан егемендікке қатар ие болған ТМД елдерінің арасында көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастады. Бүгінгі жетістіктер бізге өздігінен келе қалған жоқ. жасалған сәт еді. 1996 жылы өткен Ассамблеяның үшінші сессиясында мемлекетаралық ықпалдасуды жетілдіру, егемендікті нығайту және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері талқыға салынды. Қазақстан азаматтарының ұлттық идея айналасында ұйысуы маңызды екендігі айтылды. Ассамблеяның төртінші сессиясы ерекше жағдайда өтті. Өйткені, сессия бірінші рет жаңа астанамызда өткізілген болатын. Келелі басқосу Астанада өткен тұңғыш жалпыұлттық шара болатын. Сессияда сөз алған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев еліміздің өткен тарихына баға беріп, қоғамдық келісім біздің тарихи таңдауымыз екендігіне ерекше тоқталды. Алғашқы баламалы Президент сайлауында жеңіске жеткен Елбасыны ресми ұлықтау салтанаты өткен күннің ертесі 1999 жылғы 21 қаңтарда - Ассамблеяның бесінші сессиясы шақырылып, ол «Ұлттық келісім - Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі» тақырыбына арналды. Сессияда Елбасы Қазақстан дамудың даңғыл жолына түскенін айтып, қиын-қыстау кезеңде елден қоныс аударған азаматтарды ата қонысқа оралуға шақырды. Ассамблеяның алтыншы сессиясы жаңа мыңжылдықтағы елдің мемлекеттік ұлттық саясатындағы басым бағыттарды айқындауға арналды. Еліміздің сындарлы дамуы үшін әрбір азаматтың ұстанымы мен отансүйгіштігінің маңызды екендігі сөз болды. Ассамблеяның кезекті жетінші сессиясы Мәдениетті қолдау жылы ретінде белгіленген 2000 жылғы 15 желтоқсанда өтті. Сессия барысында ұлт саясатында жаңа кезең - азаматтық біртұтастықтан мәдени ортақтастыққа қадам басу туралы бастама көтерілді. Президент Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «қазақ мәдениеті объективті тұрғыдан күллі Қазақстан халқының мәдени ортақтастығын бойына сіңіріп әкетпейтін, қайта төңірегіне топтастыратын ұйытқы болуға тиіс» деп көрсетті. Аталған сессия жұмысы этносаралық қарым-қатынастың қазақстандық үлгісін жетілдіруге елеулі үлес қосты. Ассамблея алдына оның мәртебесін көтеру, орта мерзімдік жоспар әзірлеу жөнінде міндеттер қойылды. Тәуелсіздіктің он жылдығы қарсаңында өткен Ассамблеяның сегізінші сессиясында қазақстандық қоғамды терроризм мен экстремизмге қарсы топтастыру, экономика және әлеуметтік мазмұндағы этностық саясат ауқымын кеңейту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуді күшейту, жалпы қазақстандық мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал ету, мемлекеттің ұлт саясатын іске асыруда Ассамблея жұмысының тиімділігін арттыру мақсаттары айқындалды.
-Сəлем
-Сəлем
-Қалайсың?
-жақсы
-Сен Қандай иновация лар білейсің?
-мен жаңа иновация білмеймің
Рахмет сəубол
сəубол