Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып, сұрапыл жылдардағы естеліктері мен жылы лебіздерін тыңдап қайтты. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында милиция қызметі ардагерлерінің арасында 9 майдангер, 28 тыл еңбеккері мен соғысқа қатысқандардың 8 жесірі бар.
Шаяхмет Мырзақанов – 90 жаста. Сол бір сұрапыл жылдар Ұлы Отан соғысы ардагерінің әлі есінде. Соғыстан кейінгі жылдары ол Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында қызмет атқаруды жалғастырған. Ол әр жыл сайын өзге ардагерлермен бірге туған ведомствосына құрметті қонақтардың қатарында келіп тұрады. Үстіміздегі жылы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов пен ведомстводағы ардагерлер кеңесінің мүшелері қарт сарбаздың үйіне халін сұрай келді. Жеңіс күні қарсаңында майдангердің кеудесіне медаль тағып, материалдық көмек және сыйлықтарын табыстады. Ал ақсақал отты жылдары бастан өткерген естеліктерімен бөлісті. «Сіздің ерлігіңіз – батылдықтың, әскери және азаматтық міндетке берілгендіктің үлгісі. Сіздің ерлігіңіз әрдайым біздің жадымызда. Оны ұрпақтан ұрпаққа айтып отыратын боламыз. Осындай бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін, Жеңіс үшін алғысымыз шексіз», – деді ІІД бастығы майдангердің үйінде. Шаяхмет Мырзақанұлы қонақтарға келгендері үшін алғысын айтып, еңбек және өмір жолы жайлы естеліктерін әңгімеледі. Сұрапыл жылдардағы ерліктерімен Прасковья Кочнева да бөлісті. Ол көп жылдар бойы азаматтардың құжаттары мен куәліктерін дайындаушы болып қызмет атқарыпты. Капитан шенінде зейнетке шыққан. ІІД Әйелдер кеңесінің өкілдеріне генерал ұлы мен подполковник немерелері жайлы мақтанышпен айтып, бүгінгі полицияның жұмысы туралы сұрастырды. Облыстық ІІД медициналық қызметінің басшылығы да осы сынды шараларды қолға алып, 30 жыл адал қызмет атқарған Борис Иванович Пьяновқа келді. Соғыс аяқталған уақытта ол 9 жаста болған. Оның есінде соғыстан кейінгі жылдар ғана қалған. Хирург болып қызмет атқарып, кейін 1972 жылы ішкі істер органдарына медициналық қызметке ауысыпты. Запастағы подполковник ардагер жас қызметкерлермен жинақтаған тәжірибесімен, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, елде тыныштық пен таулықтың болуын тіледі. Сондай-ақ солтүстікқазақстандық полицейлер Жеңіс күні қарсаңында жерлес, Кеңес Одағының Батыры, милиция подполковнигі Филипп Чижиковті еске алды. Салтанатты шара Қызылжар ауданының Березовка селосында өтті. Ардагер өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында бастаған. КСРО ІІМ Алматыдағы офицерлер мектебін тәмамдаған соң, Түмен облысына қызметке жіберілді. Соңғы жылдары Ресей Федерациясының Воронеж облысында милиция қатарында қызмет істеген. Майданда жүріп қалаларды жаудан азат ету кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы, Алтын Жұлдыз медалі мен Ленин ордені берілген.
Судын пайдасы оттеги тонеди. Дам омири басы кауип болады
Пайдасы:Теледидар ақпараттық құрал.Жаңалықтарды дер кезінде жеткізеді.Адамның санасын дамытатын,көз қарасына өзгертетін пайдалы программалар көрсетіледі.
Зияны:уақытты алады,босқа кетеді.қазіргі таңда ұят рекламалар мен фильмдер көрсетіледі,арақ-шарап ішіліп,атыс шабыс,зорлық зомбылық болып жатады.Ол адамның санасын улайды.
Түрлері:3 d,smart tv,элт, жк, led-телевизорлар, плазмалық панелдер, цифрлы dvb-t2, 4k.
Байлықпен бақытқа ұмтылып арман мақсаттарыңды орындағанмен де ешқашан ата анаңды ұмытпау керек.Олар сенің бақытты болғаныңды қалайды. кішкентай кезіңнен бері саған көмек көрсетіп қиналған кезде қасыңнан табылатын осы ата анаң.Кейбір адамдар ата анасын қарттар үйіне откізіп жатады ол дұрыс емес.олар сени қаншама жыл бағып қақты ал сен оларга сол корсеткен көмектеріне алғыс айту мақсатында оларга өмір бойы қарауға ант етуің керек.Сондықтан ата анаң ешқашан ұмытпай оларды қадірлеу керек
Менің ана мен апа мені еркелетеді, əдемілем атайды. Ата мен əкем комектеседі, ойнайды. Апам өте дəмді пирог маған істейді. Апа мен Ата көп нəрсе сатып алады. Мен ооарды оте сүйемін