Адам бір-біріне қонақ. Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. <span>
</span>
Күз
Жаз аяқталып, өз кезегін сарғайған алтын күзге берді. Көктемде бүр жары, жазы бойы жайқалған көк майсаның барлығы өмірінің белгііл бір межесіне жетіп, еңселері түсіп, саруайымнан сарғайып жатыр. Олардың уайымын бөліскендей ме, әйтеуір жылауық кұз де көз жасын сығып-сығып алады. Бәлкім, олардың бойын кернеген өкпе-наз, реніш-уайымды жуып-шаймақ па екен. Не десе де алтындай жалтырап жатқан даланың да самарқау сықырлай салар әні, өзіне ғана мәлім сыры бар.
Алтын түске боялған күзде қоңырау қайта соғылып, балалар мектеппен қауышады. Оқу оуға жасы жеткен бүлдіршіндер алғаш рет мектеп табалдырығн аттап, білім нәрімен сусындатар бастауға бас қояды. Ұстаздар да алдарындағы кіп-кішкентай ғұмыр иелерінен таудай тұлға сомадауды ниет етіп, әрқайсысына үміт көзімен қарайды.
Оқушылар біліммен сусындап, өмірінің жаңа баспалдағын басып жатса, аспанда құстар қимай ән салып, алыс жақтарға ұзап барады. Қыстағы тіршілікке қамданған тірі жан иелерінің бәрі қыбыр-жыбыр тіршілігін тоқтатар емес. Адамдар да егін орып, астық жинап, қылышын сүйреп келер қыстан шығудың қамын жасауда. Жапырақтар судырлаған осынау самарқау мезгілде кеудесінде жаны бардың барлығы қызу тіршілікке кіріскен. Оларға қарап тұрып, табиғат та келер көктемде қайта дүр сілкініп, қайта құлпырарын сезгендей еріксіз жымиып, тіршілікке мейірімін төгеді.
Спорт-денсаулық кепілі
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.
Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде тәңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.
Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу
Бүгін ата-анам екеуміз опера және балет театрына барамыз. Мен ең әдемі көйлек кидім. Бірнеше минуттан кейін біз сол жерге кеттік. Ғимаратқа кіріп, бәрі әдемі безендірілгенін көрдім. Біз отырдық. Концерт 3 сағатқа жалғасты. Маған ұнады.