1) Жырдын тақырыбы Қозы Көрпеш - Баян Сұлу
2) Қозы мен Баянның арасындағы шексіз махаббат арқылы
бейнеленген
3) Жыр xıx ғасырдың басында
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
<span>«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. </span>
Ұста — шебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, ерітетін ожау,балғалар, көсеу, бұрғы, қашау, егеу, шеге, сым, қалыптар. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған.Қазақстан аумағындағы ұсталық өнер қола дәуірінен бастап кеңінен дамыған. Жасайтын материалына не бұйымына қарай дәстүрлі қазаққоғамында ұсталар мүйізші, ерші, тоқушы (шыбық тоқушы), ағаш оюшы, сазгер, майдагер, мыскер, балғашы, таспашы, бәдізші, темірші, т.б. болып бөлінген. Көпшілік ұсталар ұсталықтың бірнеше түрін меңгерген. Халық арасындағы мәліметтерге қарағанда ұсталықпен бастапқыда бақсылар айналысқан. “Тәңірдің өзі жіберген іс істеуші адамдар” деп оларға халық аса құрметпен қараған. Темірші ұсталар өз ісіне кірісер алдында мал сойып, қан жағу, сүтшашу сияқты жоралғыларды жасап отырған және рухани тазалыққа мән берген. Ұсталар темірді төске басар кезде “менің қолым емес, Тәңірдің қолы” деп табынған. Мұнда “мен жасағам” деген менмендіктен арылу, сақтану бар. Жаугершілік заманда темірші ұста мен берен ұста өнерібатырлықпен бірдей бағаланған. Себебі олар әрбір жауынгерге ең кемі бес қаруын, сауыт-дулығасын, т.б. қажетті заттарын тез арада дайындап беріп отырған. Ерші ұстаның қолынан шыққан ер-тұрмандар бірнеше малға бағаланған. Ұлттық саз аспаптарынжасайтын белгілі сазгер ұсталардың да туындыларын қазақ сал-серілері арнайы алдыртқан, тапсырыс берген. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық киелі кәсіп ретінде бағаланған. Ұста дүкенін, көрігін, құрал-саймандарын да киелі санаған. Ұсталық кәсіпұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.
Олимпиадама тұңғыш чемпион Жақсылық Үшкемпiров.
Қысқаша өмір жолы
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысына қарасты Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, Семей қаласындағы мал дәрігерлік институтына түсіп, зоотехникалық мамандықты таңдаған. Жақсылық Үшкемпіров 1974 жылы институтты тәмамдап, қазақ жеріне еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен Алматыға ат басын бұрады. Кішкентайынан қазақша күреспен айналысқан ол жоғары оқу орнында білім алып жүріп, күрестің классикалық және еркін түрлерімен шұғылдана бастаған. Роман Хасанұлы Ильматовтың кеңесімен 1970 жылдан бастап, өзіне таңсық күрестің жаңа классикалық түрімен айналысуды жөн көрген. Әр спортшының өзіндік құпия тәсілдері болады емес пе? Үшкемпіровтың де жауды тізе бүктіретін құпия тәсілдері болатын. Солардың бірі - арқадан асырып лақтыру, бұл тәсілді балуан жақсы меңгеріп, соның арқасында талай қарсыластарын тізе бүктірген. Жақсылық Үшкемпіров күрес кезінде өз қарсыласын дәл бағалай біліп, оның осал жерлерін анық байқап, кездесу нәтижелерін өз пайдасына шешетін. 1975 жылы Алматыда өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасында балуанның жолы болып, қазақ даласының ең таңдаулы боз кілем шеберлерімен белдесіп, бірін қалдырмай жеңіп, Спартакиада чемпионы атанады. Бұл Үшкемпіровтың бірінші алтын медалі еді. Бұл жарыстардан кейін де Ж.Үшкемпіров қазақ елінің чемпионаттарында жеті дүркін жүлдегер атанған. Халықаралық жарыстардан жүлдесіз қайтпайтын ол Олимпиада ойындарына да жолдама алды.
Жұлдызды сәт
1980 жыл. Мәскеу. Әлемдік спорт тарихындағы елеулі оқиға – Олимпиада ойындары. Бұл ойынға қазақ намысын қорғау үшін бірталай спортшыларымыз ат басын Мәскеуге бұрды. Солардың арасында Жақсылық Үшкемпіров те болды. Қазақ балуанының жеңіске жететініне тек оның жаттықтырушысы Вадим Александрович Писарев қана сенгенімен, қалғандары күмәнмен қарады. Міне,айқасатын сәт те келіп қалды. Олимпиаданың жеребе тастау рәсімінің қорытындысы бойынша, қазақ балуаны бірінші белдесуде әлемнің екі дүркін чемпионы Александрумен айқасатын болды. Үшкемпіров секілді чемпиондыққа үміткерлердің қатарында: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештер болған. Бірақ, қарсыласын қырғидай қырған қазақ балуаны Ж.Үшкемпіров чемпион атанып, осы жарыста күллі әлемге ел атын асқақтатып қайтты.
Үштен бес кетті
алтыдан қырық кетті
сегізден отыз кетті (или) сегіз жарым