Шұбат — түйе сүтінен дайындалатын сусын. Шұбатты бір қорландырып алады да, одан әрі ешқандай ашытқысыз ашыта береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытқан. Ол бір тәулікте өз бабына келеді. Шұбатқа арналған торсықты түйе мойнағынан жасайды. Шұбат ашытқаннан кейін, оны адамға берер алдында шайқап, көпіршігін жақсылап араластырып ұсынады. Түйе сүті, бұл түлік суды аз пайдаланғандықтан, майлы болып келеді. Қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499-528 ккал болса, шұбатта 789-991 ккал болады. Шұбат құрамында май, әр түрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Шұбатты Маңғыстау обл. Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған.
Түйе сүтiнiң химиялық құрамы: 86,5 пайызы судан, 14,5 пайызы құрғақ заттан тұрады. Оның iшiнде сүттiң майлылығы — 5,0, белок — 3,6, казеин — 2,8, альбумин — 0,6, глобулин — 0,2, минералды заттар — 0,9 пайыз. Әсiресе, қос өркештi қазақ түйелерiнiң сүтi емдiк қасиетiмен құнды саналады. Аруаналардың сүтiнде майлылық 4,9 пайыздан 6 пайызға жетедi, ал, белок 3,9 пайыздан кем емес. Сүттiң белогы мен майлылығының тепе-теңдiгi шұбаттың құнарын арттырады. Амин қышқылының құрамы да жеткiлiктi.
Түйе сүтінін ұдайы пайдаланғанда ішкі мүшелердің қызметін реттеп, адамды семіртеді. Қазақ емшілері түйе сүтін науқастарды емдеуге қолданады. Жасы ұлғайған қарттарға, ауру салдарынан дене қуаты төмендеген науқастарға бір мезгіл шұбат ішкізеді. Шұбатты ішкен соң адам денесі балбырап терлейді, ұйқысы жақсарады, сергиді, біртіндеп семіреді. Шұбатқа қоса бағлан етімен сорпалану да жақсы әсер етеді.
Телефон дегеніміз не. телефонды неушін қолданады. телефонмен неушун керек. телефоның қандаитури бар сенин телефоның барма
Флейтаны қолданудың өзі тамаша өнер. Көбіне флейта жеке түрде орындалып іске асырылады. Флейтаның өзінің бірнеше түрлері бар. Олар шағын музыкалық иструменттер.
<span>қоян- 4 әріп, 5 дыбыс, ұя - 2 әріп, 3 дыбыс</span>
– Кластер дегеніміз не?
Кластер – бұл мағыналық аймақ пен жеке түсінік немесе тақырыптың мазмұндық құрылымын көрсететін материалды графикалық ұйымдастыру. «Кластер» сөзі «шоқ жұлдыз, түйін» деген мағынаны білдіреді. Мағыналық сөзі парақтың немесе тақтаның ортасына жазылады, сол сөзден жан-жаққа күн сәулелері шашырайды. Сәулелердің соңында мағыналық түсініктің мазмұнын ашатын тақырыптық суреттер салынады. Бұл суреттерді жаңа кластер түрінде қайта бүктеп қоюға да болады.Осы не басқа да бір кластерде қолданылған әрбір сурет - таныс сөздің, сөз тіркесінің тіпті тұтас сөйлемнің үлгісі.
Кластер бізге өз бетімізбнн аталған тақырып бойынша барлық оқылған лексиканы түсінуге және келешекте қолдана білуге септігін тигізеді.
– Жұмбақ туралы кластер.
1.Шағын әдеби жанр.
2.Адамның ой-өрісін,алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап айту.
3.Қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі.
4.Сөзбен салынған сурет.
5.Көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр.
6.Артық сөздер болмайды.
7.Балаларға кішкентайынан айтылады.
8.Заттар не құбылыстар дәл суреттеледі.
( Ортасына “Жұмбақ” деп жазасыз да,жоғары да келтірілген сөйлемдерді төмендегідей шашыратып,белгілі бір жүйемен жазып шығасыз.)