Мен спортпен айналысамын.
Сен қаламмен жазасың ба?
Сіз әйеліңізбен келдіңіз бе?
Ол қалаға машинасымен барады.
Біз мұғаліммен қоштастық.
Ол кітапты оқу керек еді
Сара ойлау арқылы жеңіске жетті
Ертең үйдің терезесін сырлау керек
Мына хатты бүгін салу қажет
Алма ағашы тез гүлдеу үшін не істеуге болады?
Ұстаз — мектептің жүрегі, баланың тірегі, екінші анасы әрі қамқоршысы.
Мен ұстаздардың еңбегін бағалаймын,сондықтан олардың еңбектерінің еленгенін қалаймын.Өйткені олар — бала үшін жанын салып, білімнің бар кәусар бұлағын ашып, біздің санамызға сәулесін төгіп,нұрын шашатын жақсылық иелері. Олай дейтінім, жақсының жақсылығын айт, нұры тассын дегендей, мен өзімнің сынып жетекшіммен мақтанғым келеді. Ол кісі -сондай мейірімді, ақылды, ақкөңіл әрі өте білімді адам.Бізге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін сынып жетекшіміздің барлық сабақтары қызықты өтеді,өйткені,ол — өте ізденімпаз жан. Сыныптағы 15 қыз бен 6 ұлдың көңілін тауып, бәрін өз баласындай көретін керемет құрметке лайық апайымыздың еңбекқорлық,бауырмалдылық,ұйымшылдық қасиетін біз ешқашан ұмытпаймыз.Сабақ оқимыз,сабақта тыныш отырамыз, барлықіс-шараларға белсенді қатысамыз, бұның бәрі — Ергүл Қуандыққызының еңбегінің арқасы.