Менің сүйікті ісім сурет салу . Мен сурет салғанды ұнатамын. Әсіресе табиғаттың суретін салуды . Сурет салу арқылы мен өзімнің миымды тынықтырамын. Ұзақ уақыт сурет салып отсам да мен шаршамаймын. Себебі ол менің сүйікті ісім . ал адам өзінің сүйікті ісінен жалықпайды.
Вот держи мое сочинение про здоровье) Все правильно
Денсаулық - зор байлық-деген мақал бар. Расында да адам үшін -денсаулық зор байлық. Әр адам өзінің денсаулығы мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтерінкі болады,жақсы еңбек етеді. Адамның денсаулығына жақын достар -спорт, тазалық,таза ауа,дұрыс тамақтану ,күн тәртібі, еңбек. Денсаулығымды сақтау үшін менің күн тәртібім бар. Мен ерте тұрамын ,жаттығу жасаймын,тазалықты сақтаймын,таза ауада көп жүремін.,спортпен айналысамын. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды.
Спорт -денсаулық кепілі. Денсаулықты сақтау үшін көбінесе жеміс -жидектер ,көкөністер ет ,балық сүт тағамдарын жеймін. Олардың құрамында денсаулыққа қажетті дәрумендер бар.
Денсаулығымды сақтау үшін мен күнделікті тұрмыста осындай күн тәртібімді пайдаланамын.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
Менің ойымша, барлық нұсқалар дұрыс. Яғни, D жауабы...
Ұстаз — мектептің жүрегі, баланың тірегі, екінші анасы әрі қамқоршысы.
Мен ұстаздардың еңбегін бағалаймын,сондықтан олардың еңбектерінің еленгенін қалаймын.Өйткені олар — бала үшін жанын салып, білімнің бар кәусар бұлағын ашып, біздің санамызға сәулесін төгіп,нұрын шашатын жақсылық иелері. Олай дейтінім, жақсының жақсылығын айт, нұры тассын дегендей, мен өзімнің сынып жетекшіммен мақтанғым келеді. Ол кісі -сондай мейірімді, ақылды, ақкөңіл әрі өте білімді адам.Бізге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін сынып жетекшіміздің барлық сабақтары қызықты өтеді,өйткені,ол — өте ізденімпаз жан. Сыныптағы 15 қыз бен 6 ұлдың көңілін тауып, бәрін өз баласындай көретін керемет құрметке лайық апайымыздың еңбекқорлық,бауырмалдылық,ұйымшылдық қасиетін біз ешқашан ұмытпаймыз.Сабақ оқимыз,сабақта тыныш отырамыз, барлықіс-шараларға белсенді қатысамыз, бұның бәрі — Ергүл Қуандыққызының еңбегінің арқасы.