Ұшып тұрам-атып тұрам, бірден тұрам, тез тұрамын. Мен таңертең төсекте жатып алмаймын, оянысымен бірден тұрамын.
Жанымды саламын- бар күшімді саламын. Мен емтиханды жақсы тапсыру үшін бар күшімді саламын.
Аяғының ұшымен жорғалайды-айтқанын екі етпейді. Ол одан қатты қорқады, алдында аяғының ұшымен жүреді. Ол оның айтқанын екі етпейді, бұлжытпай орындайды.
Кіріңдер, төрлетіңдер-қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар. Келгендеріңізге қуаныштымыз, төрге шығыңыздар.
Айтқандарың келсін-тілектерің қабыл болсын- амин. Жақсы тілек жан азығы, Жаратқан ием тілектеріңізді қабыл етсін.
Құтты болсын- құттықтаймын-жақсылық тілеймін. Балаларыңыздың жеңісі құтты болсын. Сіздерді қуаныштарыңызбен құттықтаймын.
Құс құтты болсын-келін құтты болсын. Келіндеріңіз құтты болсын, сіздерге бақ береке әкелсін
Жастар бақытты болсын-қосағымен қоса ағарсын. Екі жас бақытты болсын,
Жақсылық жерде қалмайды.
Өтірік өрге баспайды.
Өнерлі жігіт өрге сүйрейді
Өнерсіз жігіт жерге сүйрейді
Еріншектің ертеңі таусылмас
Күш атасын танымас.
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені
Еменнің иілгені сынғаны
Жылы сөз жанды жылытады
Жылы киім тәнді жылытады
Талапты ерге нұр жауар
патшалық - жануарлар
тип - хордалылар
класс- сүтқоректілер
отряд - жұп-тұяқтылар
тұқымдас - қуысмүйізділер
туыс - бұқа
түр - сиыр
Адамның қолынан көп нәрсе келеді.Адам өзінің достарына,туыстарына,көшедегі адамдарға көмек беру қажет.Әсіресе қарт жандарға."Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала"-дегендей адамның бойында:әдептілік,қамқорлық,ұқыптылық,білімділік т.б қасиеттер болады.
Соның ішінде қамқорлық.Адам өз ата-анасына,ата-әжелеріне көмек беру қажет.Мысалы:аналарымызға үй жинап,ыдыс жуып,шашылған жерлерді жинап қыздар көп көмек береді.
Ал балалар әкелеріне:аула сыпырып,отын жинап,бұзылған кез-келген нәрсені жөндеп т.б көмек берсе тіпті керемет.Ата-әжелерімізге су,шәй немесе дәрісін әкеліп беріп,төсегін жинастырып,ата-әжеміздің ақылын тыңдасақ осының өзі әжелеріміздің ақылының арқасында болады.Әр адам көшедегі адамдарға да көмек беру қажет.Бұл әр адамның міндеті!
ПОСЛОВИЦЫ О ЕДЕ, ПИЩЕ, ХЛЕБЕ
1. Аштық ас талғатпайды.
(Голод еду не выбирает).
2. Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
(Дом, где нет еды, и собака избегает).
3. Аштың ақылы астан әрі аспайды.
(Все мысли голодного вокруг еды вращаются).
4. Ас – адамның арқауы.
(Еда человеку силу даёт).
5. Өзi тойса да көзi тоймайды.
(Сам наелся, да глаза не насытились).
6. Сыйлап берген су да тәттi.
(Поданная с уважением и вода сладкая).
7. Тату үйдiң тамағы тәттi.
(В дружном доме вся еда вкусная).
8. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
(Где хорошая пища обитает, там болезни не бывает).
9. Еттен дәм кетсе, ұрлықтын мәні кетер.
(Если мясо вкус потеряет, скотокрадство смысл утеряет).
10. Қасық тары ботқа болмас, ботқа болса да, жұртқа болмас.
(Из ложки пшена каши не сварить, а если и сварить, всех не накормить).
11. Жылқының еті жесең – тісіне кіреді, жемесең – түсіңе кіреді.
(Конину поешь – остается в зубах, а не поешь – будешь видеть во снах).
12. Еттiң бәрi қазы емес, иттiң бәрi тазы емес.
(Не всё мясо – казы, не все собаки – гончие).
13. Ас атасы – нан.
(Отец еды – хлеб).
14. Нан болса, ән де болады.
(Будет хлеб – будет и песня).
15. Жұмыс ауыр болса да нан тәттi.
(Трудна работа, да сладок хлеб).
16. Жақсы еңбектенсең – ауызың нанға тиеді,
Ерiнiп еңбектенсең – ауызың тасқа тиедi.
(Поработаешь усердно – губы к хлебу прикоснутся,
Поработаешь лениво – губы к камню прикоснутся).
17. Ақ қар көп болса – ақ нан көп.
(Много белого снега – много белого хлеба).
18. Адатықтан ұдкен ат жоқ,
Наннан ұлкен ас жоқ.
(Самое святое имя – человек,
Самая святая пища – хлеб).
19. Қарны ашқанға қара нан да май татыр,
Шөлдегенге қара су да бал татыр.
(Голодному – черный хлеб покажется маслом,
Жаждущему – сырая вода покажется мёдом).
20. Егінші нанын жейді,
Еріншек арын жейді.
(Пахарь хлеб свой ест,
Лодырь совесть проест).
21. Шегірткеден қорыққан егін екпес.
(Саранчи бояться – хлеб не растить).
22. Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
(Стол без хлеба смотрится бедно).
23. Ат адамның қанаты, ас адамның қуаты.
<span>(Конь – для человека как крылья, а в хлебе его сила).
</span>