Ответ:
Ауыл-балалық шақтың бақыт мекені.Таза ауа ,кең жер ,көк аспан , түнгі жұлдыздар,тұнық ай, мөлдіреген бұлақ,биік шыңды таулар.Ауылдың таза ауасымен ұйыған тыныштығы кімді де болса өзіне тартып тұрады.
Ауылдың самал желі , әжелеріміздің ақылдық сөздері , осының барлығы мен үшін үлкен орын алуда .Мен ауылымды өте қатты жақсы көремін және мақтан тұтамын!
Помогите составить предложения со словами : жуыну, су, сабын, таза, кір, кол, дене, бас, күнде, бірнеше рет, мықты, жақсы, тазар
QfwfQ
Таңертең ерте тұрғанда жуыну керек. Су бұл тіршіліктің көзі. Жуынғанда сабын пайдаланған дұрыс. Таза жүргенің өзіңе жақсы. Кір қолымен тамақ ішуге болмайды. Қолды үнемі жуып отыру керек Дененің тазалығы саулықтың белгісі. Қыз бала басын таза ұстау керек. Күнде мен жуынып отырамын. Бір күнде бірнеше рет қолымды жуып отырамын. Ол менің мықты болып өсуіме көмектеседі. Таза жүріп, сабақты жақсы оқимын. Бөлмені де тазарту керек. Пайдалы сұқбаттар тыңдаған дұрыс. Адам өз-өзін күту керек деп ойлаймын
Жайлау
Бір жылда төрт маусым болса, көшпенді қазақ халқы малдың қамын ойлап, осы төрт мезгілдің түрлі ауа райын ескере отырып, қоныстарын ауыстырып, оларды көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Әдетте жаз айларын (маусым, шілде тамыз) жайлауда өткізетін болған. Жайлау дегеніміз - жазғы қоныс. Көбінесе жайлау ретінде жайылымы жақсы, шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерлер таңдалған, ал олар тау баурайларында болған, сол себепті жазда тауға қарай қоныс аударатын болған.
Жайлауда тек жаз айларын өткізетіндіктен, ол жер басқа уақытта бос тұрады. Қыста қары қалың болып, ал көктем келісімен жердің беті кілемге ұқсап, құлпыра түседі. Шөбі де жақсы, қалың өседі. Суық қыстан шыққан мал жайлауда тойып секіреді, сонымен қатар адамдар біраз тынығып, демалады. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Қазақстанда қазірдің өзінде атақты жайлаулар бар: мысалы, Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б. Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады.