Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген
махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін
алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана!
Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш
қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана —
әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр
алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан
шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай,
бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал
жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын
қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін
салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын
әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге
үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.
Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа
қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын
төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы
парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң
да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы
борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші,
шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді.
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір
қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта
айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың
шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек.
Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын
себетін аналарымыз аман болсын!
Ауыспалы келер шақ:
жекеше түрі:
І. Мен кіремін, аламын, сөйлеймін.
ІІ. Сен кіресің, аласың, сөйлейсің.
ІІ. Сіз кіресіз, аласыз, сөйлейсіз.
ІІІ. Ол кіреді, алады, сөйлейді.
көпше түрі:
І. Біз кіреміз, аламыз, сөйлейміз.
ІІ. Сендер кіресіңдер, аласыңдар, сөйлейсіңдер.
ІІ. Сіздер кірсесіздер, аласыздар, сөйлейсіздер.
ІІІ. Олар кіреді, алады, сөйлейді.
Жедел өткен шақ:
Жекеше түрі:
І.Мен кірдім, алдым, сөйледім.
ІІ.Сен кірдің, алдың сөйледің.
ІІ.Сіз кірдіңіз, алдыңыз, сөйледіңіз.
ІІІ.Ол кірді, алды, сөйледі.
көпше түрі:
І.Біз кірдік, алдық, сөйледік.
ІІ.Сендер кірдіңдер, алдыңдар, сөйледіңдер.
ІІ.Сіздер кірдіңіздер, алдыңыздар, сөйледіңіздер.
ІІІ.Олар кірді, алды, сөйледі.
Нақ осы шақ:
жекеше тоүрі:
І.Мен кіріп жатырмын, алып тұрмын, сөйлеп отырмын.
ІІ.Сен кіріп жатырсың, алып тұрсың, сөйлеп отырсың.
ІІ.Сіз кіріп жатырсыз, алып тұрсыз, сөйлеп отырсыз.
ІІІ.Ол кіріп жатыр, алып тұр, сөйлеп отыр.
көпше түрі:
І.Біз кіріп жатырмыз, алып тұрмыз, сөйлеп отырмыз.
ІІ.Сендер кіріп жатырсыңдар, алып тұрсыңдар, сөйлеп отырсыңдар.
ІІ.Сіздер кіріп жатырсыздар, алып тұрсыздар, сөйлеп отрсыздар.
ІІІ.Олар кіріп жатыр, алып тұр, сөйлеп отыр.
Қазақстанда футбол әлі дамып жатыр. Футболдың денсаулыққа пайдасы зор. Менің інім футболға қатысады. Менің ағам футболды жақсы көреді. Футболда ереже бұзылса, сары немесе қызыл карточка көрсетіледі. Әне, менің ағам футболдан келе жатыр. Досым футболмен айналысқысы келеді.
Бұл суретте көктем айы суреттелген.жас қыздар жеті бақан теуіп ойнап жатыр.Әжелер Наурыз көже дайындап,баларар көже тамсана карап тур.Кар еріп балалардың барлығы далаға шыгып ойнап жур.Наурыз мерекесі қазақ елінде өте керемет өтеді.Бұл қазақ елінің жаңа жылы
А.с. терезе, оқулық
І.с. терезенің, оқулықтың
Б.с. терезеге, оқулыққа
Т.с. терезені, оқулықты
Ж.с. терезеде, оқулықта
Ш.с. терезеден, оқулықтан
К.с. тереземен, оқулықпен