Мен бугын ата анаммен саяхатка демалуга шыктым быз тауга машатка шыгамыз онда оте кызык отеды деп ойлаймын онда агып жаткан су бар таллар коп онда кызык отелы деп ойлаймын
Наурызнама - ойын-сауық, той.
Наурызкөже-көпшілікке арналған мерекелік тағам.
Наурызкөк - наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.
Наурызшешек - наурыз айында өсетін өсімдік.
Наурызша - наурыз айында түсетін жұқа қиыршық қар.
Дүниеде не өлмейді------Что не умирает в мире.?/ / на свете /.
Объяснение:
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Шілікті қорымыV - VI ғасыр' - Шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында орналасқан. Ұзындығы - 80, ені – 30 шақырым осы кең жазықты оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Шілікті жазығының жағрафиялық жағдайы адам өмір сүруіне өте қолайлы. Жазы шыбынсыз салқын, қысы қарсыз және жылы болып келетін даланы малшы тайпалар қола дәуірінен бері кең қоныстанған. Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι-мыңжылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Шілікті даласында сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіштері бар. Олардың елу шақтысы патша және ақсүйек обалары.Бұл ескерткіштерді бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н.Бокий еді. 1909-1910 жылдары ол Шілікті даласының шығыс шегінде орналасқан Шаған оба қорымдарын қазып зерттеді. 1949, 1959, 1961 және 1962 жылдары Шілікті қорымдарында профессор С.С.Черников қазба жүргізді. Ол барлығы 13 обаны қазып зерттеді. 2003 жылдан бастап бұл өңірді профессор Ә.Т.Төлеубаев зерттеп жатыр. Бүгінгі күнге дейін Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкерлері Шілікті 3 қорымының, №1, Шілікті 2 қорымының №1,2,4 қорғандынына зерттеу жұмыстары толық қазылып зерттелді.Қорымдар тобындағы соңғы қызықты жаңалықтар берген оба Бәйгетөбе деп аталады. Ол Жалшы ауылының оңтүстік жағында орналасқан. Оның биіктігі 7,9м, диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 99 м, шығыстан батысқа қарай 97,4 м. 3-Шілікті қорымының Бәйгетөбе обасынан барлығы 4303 дана алтын заттар табылды. Оның 153 данасы мәліннің маскасы бейнесінде, 36 данасы бүркіт-самұрұқ, 20 данасы бұғылар, 39 данасы қасқыр (аю) түрінде, бір түйме-қаптырма бесжұлдыз, бір қаптырма арқар бейнесінде. Сонымен қатар 23 дана қоңырауша түріндегі,63 дана кеңірдекше түріндегі, 17 дана алтын тілікше, 7 дана алтын сым, 141 дана жартышар сияқты салпыншақтар, 2835 дана миниатюралық құлақшалы, кесеге ұқсас салпыншақтар, 223 ұсақ кеңірдекше тізбе, 743 шығыршық тізбе және бір дана кішкене қапсырма шеге табылды.3-Шілікті қорымындағы Бәйгетөбе обасының ірі және өте күрделі архитектуралық құрылысы әлеуметтік-мәдени және табиғи-қорықтық қызмет атқарған. Ескерткіштің осыншама ірі көлемі онда жерленген адамның қоғамда өте жоғары мәртебеге ие болғандығын дәлелдейді. Бәйгетөбе обасында сақ жұртының ең алғашқы патшаларының бірі жерленген.