Сын есімнің шырайларын түрлеріӨңдеу
Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.
Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.
Жеткізген халыққа жаңалық,Тілші деген өте ғажап мамандық.<span> Мамандық. Мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Бұл қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды. Бүгінгі таңда мамандық таңдау оңай шаруа емес. Санаулы уақыттардан соң аяулы алтын ұя мектебімізбен қоштасқалы отырған оқушыларды сан алуан мамандықтар әлемі қол бұлғап, әр қиырына шақырғандай болады. Арман жетегінде, болашаққа бастайтын мамандықтар әлеміне еніп бара жатқандаймыз. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын түлектердің алдында мыңдаған мамандықтың лайықтысын таңдау міндеті тұрады. Халқымыздың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”, - деген екен.</span><span> Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін біздің елімізде де әр түрлі өндіріс салаларына байланысты жаңа мамандықтардың пайда болуына байланысты,оларды басқаратын мамандар қосылды. Жаңа мамандықтар өзіне лайық білікті жаңа мамандарды талап етеді. Ескі мамандарды жаңа мамандар ығыстырып,өмір ағысына өзгеріс енгізетін жаңа тұлғаларды шығарады. Осылайша бұрынғыларға ұқсамайтын талабы мол,талғамы зор жаңа адамдарды қалыптастырады. Мамандық санымен емес, сапасымен өлшенеді. Жаман мамандық болмайды, тек жаман жұмыскер ғана болады.Жаман жұмыскерлер қатарын көбейтпес үшін көп еңбектенуіміз қажет. Бүгінгі таңда адамның қабілеті мен талғамына сәйкес мамандық таңдап алуға жол ашық. </span>
Адамның денсаулығы жақсы болу үшін ,ол дұрыс тамақтану керек, көп спортпен айналысу керек.Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы.Адамның денсаулығы жақсы ,әрі сұлу болу үшін оның ағзасына көп нәрлі заттар керек.Тамақтардың құрамында міндетті түрде сүт , айран, ірімшік, май, ет болу керек.Калий мен фосфорды балық тағамдарынан алуға болады.Адамзат үшін ең маңыздысы таңғы ас,Оның құрамында ботқа, , жемістер болғаны жөн.Түскі аста міндетті түрде ыстық тамақ болу керек.Мәселен кеспе, котлет, палау, қуырдақ , сияқты тамақтар.Ал түскі ас пен кешкі астың арасында тоқашпен бір стақан айран ,сүт шырын ішкен дұрыс.Сонымен қатар жеміс -жидектерді де жеу керек.Кешкі аста да ыстық тамақ ішу керек.Құрамында дәрумендер мен микроэлементтер бар пайдалы тағамдармен уақытында тамақтанып отырған дүрыс.Дұрыс тамақтанбау денсаулыққа зиян келтіреді.