Салем Дана
Салем Мира
Сен қай қалада тұрасың?
Мен Алматы қаласында тұрамын
Қалада метро бар ма?
Иə,біздің қалада метро бар.
Сен метромен жүріп көрдің бе?
Əрине маған метроға мінген ұнайды .
Жарайды саубол .
Саубол .
Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі - Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме.
Семей қаласынан 180 км, Қарауылдан 25 км қашықтықта орналасқан. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйіне айналды. Мұражайдың бес бөлмесі мен ұш залына орналастырған заттар ұлы ақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Үйдің кұрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініскелбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Коп заттардың ішінен кабырғадағы түскиіз ерекше коз тартады. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, Н.И. Долгополов пен П.Лобанскийлердің суреттері бар.
Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын кұжаттармен қатар Абайдың Семейдегі олкетану мұражайына откізген көптеген заттарының суреттері койылған. Мұнда күміс кұты, кесе, айбалта, шақша сияқты бұйымдар бар. Абай заманынан бүгінгі күнге жеткен ең кұнды заттын бірі - 1885 ж. П.Лобанский қарындашпен салған Абай суреті. Үйдің торгі бөлмесінде ақынның озі отырған. Онда кітап оқып, жазу жазып, жұмыс істеген. Осы бөлмеге Ділдәнің сүйек төсегіқойылған. Төсек тұсына Әбдірахман мен Мағауияның суреттері ілінген. Абайдың үш ішекті домбырасы да осында. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Ауызғы бөлме ортасында, дөңгелек үстел үстінде, сыртында күмістен бедер салынған үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған қымыз ожау, бірнеше тегене мен тостағандар тұр. Бұл - Абай үйінің мүліктері. Оң жақтағы сүйек төсек - Әйгерімдікі. Абайдың нәресте кезіндегі заттарыда сақталған. Оң босағада Абайдың үш ауызды және шиті мылтықтары ілулі тұр. Үш ауызды мылтықты Семейдің әскери бастығы сыйға тартқан. Дәліз бойымен ілгері жүргенде түпкірдегі бөлменін оң жағында тұрған сүйек төсек - Еркежандікі. Бөлмедегі өзге заттардың барлығы - Абайдың соңғы кездегі өмірінің куәсі. Мұражай-үй шошаласының температурасы жазы, қысы бір калыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.
«Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.» деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма. Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық ғазалдарын жазып, жыр арнамаушы ма еді?! Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың. Себебі, ол Қожа табиғатты сүйетін, шынайы поэзияны сүйетін.
«Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады» дейді Мағжан атам. Ендеше, қазіргі Қожаның сөз саптасынан, жүріс тұрысынан сары атырапта үдере көшкен қаймана қазақтың паң, сабырлы мінезін тани аламыз ба? Кешегінің Қожасы мен бүгінгінің Қожасының айырма, алшақтығы неде деп ойлайсыз?
Бүгінгі Қожаларды тәрбиелеудің басты құралы теледидар мен интернет екені белгілі. Қазақстандық әлеуметтік зерттеушілер «Балалар күніне орта есеппен алғанда өлімге қатысты 17 және қатыгездікке қатысты 37 көрініс көреді» дейді. Осылайша күнұзақ теледидарға телмірген бала ұлттық тәрбиенің уызына қайдан жарысын?!
Отандық телеэкранда жиі көрсетілетін «Алдараспан», «Зіл-Әзіл», «Наша Казаша» тәрізді әзіл-оспақ оспадар театрлар жас буын өкілдерін арзан күлкі мен бос сөзге үйірсек қылып, арман айдынынан алыстатып, талтаңдаған бос жүріске үйретеді. Ал бос қылжақтықтың түбі құлықсыздыққа, ықылассыздыққа, өмірдің мәніне ден қоймаушылыққа әкеп соқтырады. Содан да болар, мектеп жасындағы балалардың күнделікті сөз қолданыстарынан «басыңды қадаймын», «атсың», «лох», «базар жоқ», «копец», «прикинь», «братан» сынды сөздерді жиі еститініміз өтірік емес. Мектеп жасындағы балалар деппін-ау студент жастардың дені осындай сөйлеу стилін қолданатыны шындық.
Осы жерде Қара Қожамызға қайта оралмасқа амалың қалмайды:… Жайлаудан қайтып келе жатып, «жұпар аңқыған кең жазықтың төсінде» қиял құсын қияға сермеп: «Абай мен Қасымды қаншы оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді… Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағағанда өзімді өзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астарынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері...» деп емірене толғанбаушы ма еді?!
<span>Ендеше, әжесінің талай «тоқмашын» жеп өскен сол Қожа мен бүгінгінің Қожасының арасындағы айырмашылық та осы арадан анық байқалады. Бесікте жатып анасының әлдиіне әлпештеліп өспегені, қара кемпір мен қара шалдың өнегесі мен ертегісін тыңдамай, ұлттық нақыштан ада, Кеңестік тәрбиенің негізінен бастау алған балабақшада тәрбиеленуі санасында қазақ деген ұғымы жоқ бүгінгі балалардың дүбара болып, тілінің жұтаңдануына әкеліп соғып, сол Қожалардың айқындалған алшақтықтарының басты салдары болып отыр емес пе. Осындай ұлттық тәрбиенің негізінен ажырап қалған, сөзі жоғалған балалар кешегі «Қайран да менің Еділім» деп еңірегенде етегі жасқа толған қарға бойлы Қазтуғанды, «Күмбір, күмбір кіснетіп» көмейінен жыр ақтарған Ақтамбердіні, Ұлт ұраншысы болған Бұқарды, Абайды, бір мақсат бір мұратта бірігіп, жұмылған жұдырықтай болған Алаш арыстарын түсіне қоюы, оқуы, әй, неғайбыл дүние-ау… </span>
Бүгінгі тілдің бұл бейнесі қазіргі қазақтың жан дүниесінің айнасы болар, бәлкім...«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп пе еді?! Қорқам, келешектен қорқам…
<span>Туған даласын сүйген, ертеңгі болашағын аңсайтын, арманына асығатын Қара Қожа қайдасың?</span>
Ел мен жер тағдырын елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да — сол елмен жердің тағдыр талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен тегін болмаған.
Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.
Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп, жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып, құлаған орда қайта бой көтергеніне де себепкер болып отыр. Қалай десекте Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың жарқыраған жұлдыздай келешегіне өз үлесін қосары сөзсіз. Шынына келер болсам өз басым әлі күнге дейін елімнің ақ ордасын өз көзіммен көрген емеспін. Тек көз алдыма оның әсем көрінісі газет-журналдардан оқығаным, теледидардан көргендерім елестейді. Оның қазіргі сәулет өнерінің үлгілеріне сай бой түзеген биік те сұлу ғимараттары бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам танымастай өзгерткені анық. Қала сұлулығы қай адам баласын болсын тамсандыратынына күмәнім жоқ. Өйткені, кең жазира далада көсіліп жатқан кемел сұлулығымен, күміс көлдерімен Есіл, Нұра секілді қыз бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне тартады. Сондықтан болар Астана мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап тұрған жандардың мекені болып елестейді. Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Подробнее - на Znanija.com - znanija.com/task/30596074#readmore