«Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.» деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма. Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық ғазалдарын жазып, жыр арнамаушы ма еді?! Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың. Себебі, ол Қожа табиғатты сүйетін, шынайы поэзияны сүйетін. «Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады» дейді Мағжан атам. Ендеше, қазіргі Қожаның сөз саптасынан, жүріс тұрысынан сары атырапта үдере көшкен қаймана қазақтың паң, сабырлы мінезін тани аламыз ба? Кешегінің Қожасы мен бүгінгінің Қожасының айырма, алшақтығы неде деп ойлайсыз? Бүгінгі Қожаларды тәрбиелеудің басты құралы теледидар мен интернет екені белгілі. Қазақстандық әлеуметтік зерттеушілер «Балалар күніне орта есеппен алғанда өлімге қатысты 17 және қатыгездікке қатысты 37 көрініс көреді» дейді. Осылайша күнұзақ теледидарға телмірген бала ұлттық тәрбиенің уызына қайдан жарысын?! Отандық телеэкранда жиі көрсетілетін «Алдараспан», «Зіл-Әзіл», «Наша Казаша» тәрізді әзіл-оспақ оспадар театрлар жас буын өкілдерін арзан күлкі мен бос сөзге үйірсек қылып, арман айдынынан алыстатып, талтаңдаған бос жүріске үйретеді. Ал бос қылжақтықтың түбі құлықсыздыққа, ықылассыздыққа, өмірдің мәніне ден қоймаушылыққа әкеп соқтырады. Содан да болар, мектеп жасындағы балалардың күнделікті сөз қолданыстарынан «басыңды қадаймын», «атсың», «лох», «базар жоқ», «копец», «прикинь», «братан» сынды сөздерді жиі еститініміз өтірік емес. Мектеп жасындағы балалар деппін-ау студент жастардың дені осындай сөйлеу стилін қолданатыны шындық. Осы жерде Қара Қожамызға қайта оралмасқа амалың қалмайды:… Жайлаудан қайтып келе жатып, «жұпар аңқыған кең жазықтың төсінде» қиял құсын қияға сермеп: «Абай мен Қасымды қаншы оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді… Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағағанда өзімді өзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астарынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері...» деп емірене толғанбаушы ма еді?! <span>Ендеше, әжесінің талай «тоқмашын» жеп өскен сол Қожа мен бүгінгінің Қожасының арасындағы айырмашылық та осы арадан анық байқалады. Бесікте жатып анасының әлдиіне әлпештеліп өспегені, қара кемпір мен қара шалдың өнегесі мен ертегісін тыңдамай, ұлттық нақыштан ада, Кеңестік тәрбиенің негізінен бастау алған балабақшада тәрбиеленуі санасында қазақ деген ұғымы жоқ бүгінгі балалардың дүбара болып, тілінің жұтаңдануына әкеліп соғып, сол Қожалардың айқындалған алшақтықтарының басты салдары болып отыр емес пе. Осындай ұлттық тәрбиенің негізінен ажырап қалған, сөзі жоғалған балалар кешегі «Қайран да менің Еділім» деп еңірегенде етегі жасқа толған қарға бойлы Қазтуғанды, «Күмбір, күмбір кіснетіп» көмейінен жыр ақтарған Ақтамбердіні, Ұлт ұраншысы болған Бұқарды, Абайды, бір мақсат бір мұратта бірігіп, жұмылған жұдырықтай болған Алаш арыстарын түсіне қоюы, оқуы, әй, неғайбыл дүние-ау… </span> Бүгінгі тілдің бұл бейнесі қазіргі қазақтың жан дүниесінің айнасы болар, бәлкім...«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп пе еді?! Қорқам, келешектен қорқам… <span>Туған даласын сүйген, ертеңгі болашағын аңсайтын, арманына асығатын Қара Қожа қайдасың?</span>
Септік Атау септік:метро Ілік септік:метроның Барыс септік:метроға Табыс септік:метроны Жатыс септік:метрода Шығыс септік:метродан Көмектес септік:метромен
Әке мен бала Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда аттың ескі тағасын көріп, баласына: — Балам, анау тағаны, ала жүр! — дейді. Бала әкесіне: — Әке, сынып қалған ескі таға ғой, пайдасы жоқ, не қыламыз оны, — дейді. Әкесі үндемейді. Тағаны өзі иіліп жерден алады да, жүре береді. Олар қалаға жақындайды. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, әкесі жолда тапқан ескі тағаны сол ұсталарға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, саудагерлерден үш тиынға шие сатып алады. Әкесі шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден жеп, баласына қарамай, жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Соңынан ілесіп келе жатқан бала жерге түскен шиені жерден алып, аузына салады. Біраздан соң әкесінің қолынан тағы бір шие түсіп кетеді. Содан кейін тағы бір шие жерге түседі. Сонымен бала әржерде әкесінің қолынан түскен шиені он рет иіліп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тұрып: — Көрдің бе, тағаны жарамсыз деп жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көпжұмысқа тап боласың, азға қанағат ете алмасаң — көптен де құр қаласың, — дейді. <span> Бала ұялып, әкесінің сөзін түсініп, өмір бойы ұмытпапты.</span>
Сая менің сыныбымда оқиды.Ол өте әдемі қыз.Сая екеуміз доспыз.Маған үнемі ұятың бар,ақылды қызсың деп жүреді.Сая екеуміз үлкен кісілерді сыйлаймыз.Қарт кісілерге көмек береміз.