Сөз апталық, өзенде,сәлемдесті, жоғарыды. сәлемдесті
сөз тіркестері пәтердің кілті,тұнық су, терең сай , биік тау
сөйлем ағаштар гүлдеді жаңбыр жауды
Ашық рай Әркім өз ойымен отыр.
қалау рай Амантайдың жігітке көмектескісі келді
шартты рай Ербол ат ауыстырып мінсе де,күрең төбелдің екпіні әлі басым
бұйрық рай Олар ертеңгі жиналысқа кешікпей келсін
<span>"Уақыт деген не?" сұрағына жауап беру үшін, біршама философиялық ойланыс-толғаныс жасау керек сияқты. Менің ойымша, бұл біріншіден өлшем құралы. Адамдар уақытты, бүгін мен ертеңнің арасын табу үшін немес екі сағаттың арсында қанша минут бар екенін айту үшін қолданады. Екіншіден, біз уақыттың шектеулі екенін ойымызда үнемі ұстап жүру қажетпіз. Оны құр-босқа құртпай, көп ұйықтамай, Интернетте тым көп отырмай, тиімді пайдалануға тырысуымыз қажет. Үшіншіден, барлық дүние уақыт еншісінде екенін есте сақтаған абзал. Егер өмірлеріңізден қайғылы оқиға болып жатса, оның алмалы-кетпелі екенін біле жүріңіздер. Дәл соны, қуанышты сәттерге де айтуға болады. Өкінішке орай, олар да уақытпен шектеулі. Сол себептен, бүкіл өмір осы уақыттан тұрады деген қорытындыға келуге болады.</span>
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан