және в Москве и области на ноябрь в этом, хорошо сидит, тюнер ножи перочинные, хорошо сидит
Напиши в интернете переводчик, поставь чтоб перевело с казахского на русский и напиши все это)
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
Ол аюдан мəн-жайды сұрауға барды. Қасқыр:
-Сəлем, Аю. Жағдайың қалай?
Аю:
-сəлем, қасқыр. Жақсы, өзіңнің жағдайың қалай?
-Жақсымын. Осы саған көптен бері мені мазалап жүрген сұраққа жауап алу мақсатымен сені іздеп келдім.Аю:
ИƏ, сұрай бер.
Қасқыр: осы сендер неге қыста ашықпайсыңдар. Қыс бойы ұйықтап, қалай ғана тірі жүресіңдер.
Аю:себебі біз үш мезгіл бойы өзімізге қажетті қорды денемізге жинап аламыз. Ал қысы бойы оны жаратамыз. Ол бізге табиғатты берген сыйы.
Қасқыр:Солай екен ғой. Бəсе, біз ондай емеспіз деп жүрсем. Ол сендерге берілген сый екен ғой. Рахмет, саған аю досым. Сау бол!
Аю: оқасы жоқ, кездескенше қасқыр!