Бір кіргенде мұражайға елулеп кіргізеді екен. Ал, қане балалар, бір-бірлеп келіп, жауап бере беріңіздер. Мына жұмысты тезірек, екеулеп бітірейік. Алпыстар, арамызды ардақты болып, жүре беріңіздер. Бәрекелді, отыздап, қырықтап әкеле беріңдер, орын табылады.
Жақсы мен жаман
Адам атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күнен күнге тамыр жайып, гүлдене өсе береді. Гүл бірінші — күннің нұрын, екінші — мөп – мөлдір суды, үшінші – таза ауаны сүйетін. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеліп отырғызған адамға өте риза болды.
Бір күні:
— Әй, сен көп асқақтама! Өмірге келгеніңе өкінетін боласың, — деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз бір шөп басын қылтитып тұр екен. Гүл ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті, қасындағы біршама үлкендігі бар екінші гүлге басын сүйеді.
— Жабырқама, сабыр ет! Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Бір басынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі – ақ құтыламыз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне он жастағы бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайта құлпырды.Өмірде жақсылар да, жамандар да, бар екен.
Ауыспалы мағынада. Намаздың уақтысымен өтелмей қалуы. Қаза болды, өлді дегенді білдіреді
Асан мен Үсен мұражайға барды. Олар мұражайда ескі әрі көне заттарды көрді. Ал сонда жұмыс жасайтын апай оларға әр заттың мағынасы жайында мәліметтер айтты. Асан мен Үсен көп нәрсеге қызығушылықпен қарады. Олар апайдан қазақтың тарихы, салт-дәстүрі туралы көп нәрсе білді. Асан мен Үсен көп тарихи оқиға білді. Енді мінеки Асан мен Үсен сол тарихи жайтты достарына айтты. Балалар біз сол себепті өз тарихымыз туралы мұражайға баруымыз керек.
күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.