МенІҢ АНАМ СЕНІҢ ӘЖЕҢ СІЗДІҢ ДОСЫҢЫЗ ОНЫҢ ӘКЕСІ ПОМОЙМУ ОСЫЛАЙ
Қыс. Далаға қар жауып, айналаны аппақ жамылғыдай болып тұр. Балалардың бәрі далада асыр салып ойнап жүр, Кейбір балалар коньки теуіп жүр. Барлыгы да асыр салып ойнап жүр. Сол конькиге екі ағайынды коньки тебуге барады. Екеуі ойнап жүрген кезде алдында бір кішкентай қыз құлап жатыр екен. Сол екі ағайынды сол қызға көмектеседі. Сөйтіп олар ойнап жүріп бір адамға жақсылық жасады.
Тақырыбы: Жақсылық.
Ольга Рыпакова Сергейқызы (қарашаның 30, 1984 жылы, Өскемен) — Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспенайналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады.
О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.
Өтінем маған сынып міндеттемесі туралы шығарма керек
Иін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсінің үстіңгі бөлігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) болып келеді. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Тұрғылықты аң, орманды және ағашты жерлерде, тоғайларда мекендейді. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының арағайлы ормандарында мекендейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуегіне, не жартас жарығына, немесе тоқылдақ тескен ойықтарға 30-40 см диаметрде салады. Ұясының ішін мүктермен және шөптермен әрлейді.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/ask/3439/%D1%82%D0%B8%D1%96%D0%BD-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%C9%99%D2%A3%D0%B3%D1%96%D0%BC%D0%B5-%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96-%D1%81%D0%B8%D0%BF%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0-%D0%BC%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80-%D1%80%D0%B5%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D2%9B-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%96%D2%A3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%88%D1%96?Like
© www.ZHARAR.com