Басты мәселе ол табиғатты сақтау. Мен осы табиғат аясында тіршілік етемін және де спортпен айналысамын. Мүмкін көптеген елдерде табиғатттан көп қиыншылықтар бар шығар. Ол үшін ойды толғандыру керек. Бірақта табиғатты аялау керек өйткені өзің осы табиғатта тіршілік етіп жатырсың.
Еңбек пен адам өмірімен тығыз байланысты. Еріншекпен еңбекқор адамды алатын болсақ, еріншек қарны тойып тамақ ішпейді, кисе киімге жарымайды. Ал, еңбектенген адамның өмірі басқаша, оның еңбекпен тапқан асы тәтті, сырттай шаршағанмен, көңілі тоқ. Өмір сүрген ортасына да сыйлы. Еңбек адамға әдемі көрсетеді.
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу қимылдын, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бугін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді т. б.
Мезгіл үстеулері кұрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Бұлбұл туралы мәлімет
Бұлбұлдар — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.