Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады.
Суды біз дұрыс пайдаланамыз ба? Мен суды таусылмайтын қазына,- деп ойлайтынмын. Іс жүзінде олай емес екен. Судың да сұрауы бар ,- деп бекер айтылмапты. Сырдарияның суы да, Арал теңізінің суы да азайғанда ғана осы мақалдың маңызын аңғардым. Таза су денсаулық кепілі. Тіршілігімізге аудай қажет суды үнемдеп, ластамай дұрыс қолданайық.
Еңбек ардагері деп соғыста тыл жұмыс істеген,еңбек еткен адамды айтады.Соғыс кезінде жұмыс істеп , халқы үшін тайсалмағандарға арнайы атақ беріп, медаль табыстаған болатын. Еңбек ардагері елі үшін соғысқа аттанып, өзінің жанынан гөрі халқының егемендігін қалаған қаһармандардың бірі. Соғыста еңбек етіп , барын аямаған , бар күшімен жұмыс істеген еңбек ардагерлері қазір де сый құрметке ие. Біз оларды қолымыздан келгенше сыйлап, құрмет көрсетуіміз керек. Өйткені олар осыған лайық, қазіргі заманғы ұрпақтардың осылай өмір сүруі солардың арқасы. Біз қаһармандарымыз бен еңбек ардагерлерімізге шексіз ризашылығымызды айтып, осы күнді сыйлағаны үшін алғыс білдіруіміз керек. Олардың аты мәңгілік өшпейді, біз оларды мақтан тұтамыз!!!!!!!
Мен танертен турамын, терезені ашамын жаттығу орындаймын.Содан кейін жуынамын.Күндіз жүгіремін футбол ойнаймын.Қыста коньки тебемін.Жазда суға шұмыламын
Сәуле қыздар командасында, он екінші нөмірде ойнайды. Олар бүгін кун ұзаққа ертеңгі жарысқа дайындалды. Келесі күні олар спорт алаңына келіп, футбол ойнады. Олар футбол жарысынан екінші орын алып, өте қатты өкінді. Өйткені олар баяғыдан бері дайындалмай, ертен жарыс болады дегенде ғана дайындала бастады.