Біз видеофильмдерді кореміз№ Топпен жұмыста плакаттарды жасаймыз№ эртурли диалогтар құрастырамыз № сұрақтарға жаууап беріңіз№ эссе және мәтіндер жазамыз№
1Қазақ хапқының .әйелдердің бас киімі? сәуКеле
2.Алматы аумағында орналасқан көл ? алакӨл
3.Қазақ халқының ұлттық ойыны ? Көкпар
4 Тойларда қуаныш білдіретін ырым ? Шашу
5.Астана қандай көлдің жағасында орналасқан? Есіл
6.Жыл басы болған жануар? Тышқан
7.Қазақ халқының ерлердің киімі. шАпан
8.Киіз үйдің бөлшегі? Уық
Уһ,бұл ғаламтордың пайдасын ай!
Паһ шіркін,ғаламторда барлық мəлімет бар ғой!
Ойбай,мына компьютерге не болды?
Мəссаған,мониторына не болды екен?
Əттең,ғаламтордың зияны болмағанда ғой...
"Əй,ана компьютерден көзің ауырады ғой"-дейді апам үнемі.
Ей,шіркін ғаламторсыз күндер ай.
Түу мынаған не болды екен істен шығып?...
Ойпырмай,керек кезде бəрі табыла қоятын мына ғаламтор бір құдірет екен.
Алақай,іздеген нəрселерім ғаламтордан табылып жатыр.
Қап,бұл жолы компьютерімнің тышқаны жасамай қалды.
Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.
Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.
Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек.
Он екі саны да - халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты "он екі мүшең сау болсын", "он екіде бір нұсқасы жоқ", "он екі баулы өзбек" деген сөздер де айтылады.
Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны - қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырықынан шығару" деген ырымы бар. Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты "Қырықтың бірі - қыдыр" деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар "қырық" сөзімен байланысты.