Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
«Қазақстан – ұлы Отаным»
Қазақстан менің елім, аңсағаным
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Отаным – Қазақстан туған елім,
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер өркендей бер, Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.
Қазақта ертеден келе жатқан көптеген ойын түрлеры бар, мысалға алар болсак , қыз қуу, көкпар, ақ сүйек , тоғыз құмалақ және т.б . Әр ойынның өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні өте зор . Соның ішінде ақ сүйек ойынына мысал келтірер болсақ , бұл ойын бір топ жігіттер мен бойжеткендер қаранғыда қалың ағаштардың арасына ақ сүйекті лақтырып , сүйекті кыз бен жігіт жұптасып іздеп бірінші тапқан жұп жеңімпаз атанатын болған , сүйекті іздеу кезінде кыз бен жігіт оңаша тілдесулеріне мүмкіндік болды.
"Шал" фильмінің трейлеріАйта кетелік, 19 қарашада Алматыдағы Абай атындағы Академиялық опера және балет театрында "Жыл таңдауы" - "Жыл адамы" фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болып өтті.<span>Ермек Тұрсынов «Шал» фильмін атақты жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірді. Фильмді жасау идеясы Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевқа тиесілі.</span><span>"Шал" фильмі туралы бір ауыз айта кетсек. Картинада санаулы ғана кейіпкер бар. Басты кейіпкер ауыл қарты, оның келіні және немересі. Жалғыз ұлы өмірден озған соң, Қасым қарт артқа қалған тұяғы немересі Ералыны интернатқа оқуға береді. Ералы болса, атасының бұл қылығына наразылық танытып, оған кетік мінездерін көрсетеді. Үш адамнан құралған отбасы жапан далада қарапайым ғұмыр кешеді. Қарабайыр тіршілікті қаладан аңшылыққа шығу мақсатымен келген үш жолаушы бұзады. Жігіттер шалмен тілдесіп, қасқыр атуды жоспарлағандарын айтып, жол сілтеп жіберуін сұрайды. Алайда, қария қасқырлардың бөлтіріктеп жатқандығын ескертіп, аңға шықпағаны дұрыс боларын айтады. Қаладан келген жігіттер ақсақал сөзін елемей, аң аулауға кетеді. Ертесі күні Қасым қарт өз қойы мен көрші қойын қыстауға айдап кетеді. Боран астында қалған ол адасып кетеді. Осы кезде қасқырлар алдынан шығып, қойға шабады. Қарт қойларды сақтау үшін әлекке түседі. Өзі қиналып жүргенде жол сұраған жігіттердің өлі денелерін кездестіреді. Арасындағы бірі аман қалғанымен, халі мүшкіл болады. Қарт аман қалған жігіт пен өз өмірін сақтау үшін қиындықтарға төтеп беруге ұмтылады. Осы кезде жоғалып кеткен қартты бір топ адам іздеуге шығады. Араларында бала Ералы да болады. Іздеу жұмыстары нәтижесіз болып, қартты «өлі мен табылмайдының» қатарына жатқызған іздеуші топ кері қайтқанда, бала Ералы атасының тірі екеніне шүбә келтірместен, оны іздеп табады. <span>Қазақ даласында түсірілген фильмде адам баласының қайраттылығы мен өжеттілігі, жігері мен табандылығы көрсетіледі.</span></span>